Ауданда бірігіп кәсіп ашқандар қатары артып келеді
Шағын және орта бизнесті дамыту, оны қаржыландыру көптеген маңызды мәселелерді шешеді: экономикалық белсенді халық үлесінің өсуіне, салыстырмалы түрде күрделі шығындар қажет етпейтін, әсіресе қызмет көрсету саласында жаңа жұмыс орындарын құруға, қызметкерлерді, сондайақ халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдерін жұмысқа орналастыруға, технологиялық, техникалық және ұйымдастырушылық жаңалықтарды әзірлеу және енгізуге, өндірушілердің монополиясын жоюға, бәсекелестік орта құруға мол мүмкіндік береді. Сонымен қатар, материалдық, қаржылық және табиғи ресурстарды талап етілмеген жағдайда жұмылдыруға, оларды неғұрлым тиімді пайдалануға, экономиканың түрлі секторлары арасындағы өзара байланысты жақсартуға қол жеткіздіреді.
«Бөлшек сауда – экономикамыздың негізгі драйвері, ол арқылы жұмыс орындары ашылуда, сонымен бірге, бұл бағыт еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Көптеген дамыған елдерде мемлекеттің даму стратегиясы мен жоспары бизнеске тікелей байланысты. Қазіргі таңда елімізде шағын және орта бизнестерді дамытуға аса көп көңіл бөлінуде. Ол үшін көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы Үкімет жұмысындағы басым бағыттардың бірі ретінде жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді белгіледі. Сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, жекелей алғанда ауыл шаруашылығы кооперациясы және экспорттық әлеуетті әртараптандыру бойынша тапсырмалар берілген болатын.
Шағын бизнес әрине жақсы. Мұндай кәсіпте кем дегенде бизнес өкілі өзін-өзі жұмыспен қамти алады. Ал бір емес бірнеше адам бірігіп, бір кәсіпті дөңгелетсе ше? Айталық бір ауылда он адам сүт өнімдерін өңдеп, саудаға шығарады. Жалғыз кәсіпкердің өнмідлігі қаншалықты жоғары болады. Ал сол бір бағыттағы он адам бірігіпі, шағын бизнесін орта бизнеске айналдырса, бірнішіден өнімділік ұлғаяды, екіншіден жұмыс күші көп болады. Бұл барлық тарапқа тиімді. Қазіргі таңда елімзде ауылшаруашылығы бойынша кооперативке біріктіру жұмыстары қарқын алған. Яғни кәсіпті жалғызззгеннен гөрі бірігіп жүргізудің тиімді екенін тәжірибе дәлелдеп отыр. Бұл ауылшаруашылғына қатысты. Ал өзге бағыттағы кәсіпкерлер бірігугі дайын ба? Жалпы кәсіпкерлерге бірігу тиімді ме? Бұл тәжірибенің қаншалықты тиімді екенін Сайрамдық кәсіпкерлер жақсы біледі. Себебі халық ең тыңыз қоныстанған Қарабұлақ ауылында он адам бірігіп, өз кәсіптерін дөңгелетіп отырған жайы бар. Олардың әрқайсысы кезінде қолына ине жібін алып, тігін тіккен. Әрқайсысы қолынан өнері тамған шебер. Ортақ бизнеске дейін әрқайсысы жеке-жеке кәсіптерін жүргізіп отырған. Сөйтіп олар бірігуді ойлап, кәсіптерін ірілетуді көздейді. Ортақ мүдде, ортақ арман мен біріккен күш ауылдан үлкен цех ашуға түрткі болады. Ия, қазіргі таңда Қарабұлақ ауылында он адам бірігіп, автокөліктерге қаптамалар мен кілемшелерді тігу ісін қолға алып отыр. Олардың бірігуіне мемлекеттен берілетін қайтарымсыз грант жәрдемші болды. Сөйтіп бірнеше тұрғын осыған дейін айналысып келген кәсіптерін үлкейтіп, өнімділікті арттырып отыр. Аудан үшін үлкен жаңашылдық болған тігін цехында күніне 30-ға жуық автокөлік қаптамалары тігіледі.
Автокөлік салонына қараған кезде бірден көзге түсетін – орындықтар. Ол жүргізушілер мен жолаушылар үшін ең жайлы болуы тиіс. Егер көліктің орындықтары былғарыдан болса, онда қысы-жазы қаптаулы болмаса, ыңғайсыздық тудырады. Оның үстіне қандай материалдан тігілгені болмасын, орындықтарды қаптап қоймаса, тез былғанып, ескіріп те кетуі мүмкін. Орындықтарды қанша жерден ең қымбат «чехолдармен» қаптап қойғанмен, уақыт өте келе ескіріп, тоза бастайды. Ол мәселені шешу үшін автодүкеннен жылына бірнеше рет орындыққа арналған қапшықтар сатып алуға тура келеді. Ал оны арнайы тапсырыспен тіктірсеңіз тіптен жөні бөлек шаруа. Біріншіден, қалауыңыз бойынша тіктіресіз. Екіншіден сапалы дүниеге қол жеткізесіз.
«Біз тұтынушылардың қалауы бойынша жұмыс істейміз. Таңдаған материалын, түсін алып қалаған дизайнда тігіп береміз. Материалдарды Алматы қаласынан алдырамыз. Қазіргі таңда 8D поликтерге сұраныс өте жоғары. Бұл Қазақстанда қазіргі таңда хит болып жатқан өнім. Оның сапасы өте жоғары әрі тартымды көрінеді. Бағасы да қолайлы. Базардағы кәсіпкерлер үшін де арнайы көп көлемде тігіп береміз. Жекелей азаматтарға да тігіп береміз»,- дейді гран иегері Дильшат Давранов.
Тігін цехы заманауи қондырғылармен жабдықталған. Кәсіпорын 100 пайыз автоматтандырылған болмаса да заманауи техникадар жұмысты әдеуір жеңілдетіп отырады. «Бізде қажетті материалды кесуге арналған қондырғы орнатылған. Бұл аппарат база арлықы кез келген көліктің маркасын жазып, таңдайды. Компьютер арқылы станокқа жібереді. Қондырғы материалды осылайша кесіп береді. Өте жылдам жұмыс істейді. Уақытымызды кәдімгідей үнемдейді. Кесілген материалды әрі қарай тігіншілерге жөнелтеміз. Олар шеттерін тігіп шығады»,- дейді кәсіпкер.
Орындық қаптарын дайындауға жиі қолданылатын маталар: велюр, гобелен, мақтадан жасалған, неопре, плюш, теріден жасалған (табиғи немесе жасанды), түрлі синтетикалық маталар және т.б.
Цехта жеңіл көліктер мен қатар ауыр жүк көліктеріне де арнайы қаптамалар мен перделер, төсеніштер тігеді. Айтуларынша ауыр жүк көліктеріне арнайы тапсырыс берушілер көп екен. Себебі ауыр жүк көліктеріне арналған аксесуарлар мен қаптамалар нарықта көп сатыла бермейді. Сатылса да түтынушылардың көңілінен шыға қоймайды. Ал мұнда жүргізушілердің қалауы бойынша әрбір деталын ойластырып, тігіп береді. Ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері ұзақ жолға жиі шығатындықтан олар жайлы қаптамаларды, кілемшелерді таңдайды. Себебі аяқ киімсіз салон ішінде отыруға ыңғайлы болу үшін жұмсақ, жылы төсеніштерге жиі тапсырыс береді екен. Ал жеңіл көлік иелерінің де ой-ұиялдары ұшқыр. Бірі қаптамаға көліктің маркасын жаздырса, енді бірі аты-жөнін жаздырғанды қалайды екен. Кәсіп иелерінің айтуынша тігілетін материалдардың сапасы өте жоғары. Сондықтан ұзақ жылғы қолданысқа шыдап береді. Әрі сәнді көрінеді.
Мұнда көліктің «еденіне» төсейтін төсеніштерді кесетін бөлек құрылғы қойылған. Оның құны 10 миллион теңгені құрайды екен. Арнайы тапсырыспен Қытай елінен әкелген. Бұл аппарат та жұмыс өнімділігін ұлғайтып, қызметкерлердің физикалық күші мен уақытын үнемдеуге септігін тигізуде.
Қажетті материалдар мен жіптерді цех мамандары апта сайын жаңартып отыратын көрінеді.
Күн ұзаққа тігін машинасында отыратын тігіншілер жұмыс өзімізге ұнайды. Бірігудің арқасында жұмысымыз жеңіледі және өндіріс көлемін ұлғайттық дейді. Мұндағы ірбір тігін машинасының өзіндік қызметі бар. Бірі поликтерді тігуге арнласа, енді бірі жұмсақ материалдарды тігеді. Қай-қайсысының болмасын функциялары өте көп. Яғни жұмысты оңтайландырады.
Бір қызығы қазіргі мамандарға тек көліктерге ғана емес жылқыларға да арнайы жамылғы тігіп беруді сұрайтындар көбейіпті. «Көкпар шабатын, жылқы баптайтын, бәйгеге қатысатын адамдар жылқының үстіне сәндік үшін жабылатын жамылғыларды тігігуге тапсырыстар беріп жатады. Бірі еліміздің көк туын безендіріп тіктітрсе, енді бірі бүркіт секілді құстарды салуды өтінеді. Тұтынушының қалауы бойынша жасап береміз»,- дейді тігінші маман.
Тіпті мұндағы мамандар автөлік орындығының түпнұсқа қаптамасына да реставрация жасап, жаңартып береді екен.
Цехта барлығы қатаң қадағалауда. Дайын болған өнімдерді мұнда арнайы маман толық тексеріп шығады. Барлығы дұрыс болса ғана сату бөліміне жібереді.
Бүгінде орталықта 15 адам жұмвс істеп жатыр. Мемлекеттен алған қайтарымсыз грант қаражатына 18 тігін машинасы мен арнайы құрал жабдықтар сатып алынған.
«Бұл жұмыс маған бала күнімен таныс. Әкем көліктерге осындай қаптамалар тігетін. Әкемнің қасында жүріп осы саласын үйрендім. Қаптама тігуді 12 жасымнан бастадым десем де болады. Жеке өзім тапсырыс қабылдап тігіп жүргеніме 10 жылдан асты. Ауылымда осы іспен айналысып жүретін бірнеше таныстарым, достарым бар. Содан неге осы барлығымыз бірігіп, кәсіпті жүргізбеске деген ой келді. Барлығымыздың жұмысымыз, кәсібіміз бір. Үйде жеке-жеке тігіп отырғанша үлкен цех ашып неге бірікпеске деген ой мазалады. Содан достарыма ойымды жеткізіп, пікрілерін сұрадым. Барлығымыздың ойымыз бір жерден шығып, бір-бірімізді құптай кеттік. Сөйтіп мамандардан бәрімізі бірігіп мемлекеттік грант конкурсына өтініш бере алатынымызды білдік. Бұл бізге кәдімгідей мотивация беріп, күш берді. Бірігіп, бизнес жоспарымызды бүге-шүгесіне дейін ойластырып, сызып жасадық. Тәуекел деп дыл басында конкурсқа қатыстық. Нәтижесінде біздің жобамызды комиссия мүшелері бур ауыздан қолдады. Жалпы осылай бігіріп, кәсіп ашуға бағытты көбірек бұру керектігін айтты. Көп ұзамай грант жеңімпазы атанып, тиісті қаражатымызды алдық. Сөйтіп барлығымыз цех ашып, жұмысымызды бастап кеттім. Қазір мұнда 15 шақты адам жұмыс істейді. Тапсырыс өте көп. Жұмысымыз сәтті жүріп жатыр. Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсібімізді осылай ұлғайтып, қажетті құрал-саймандарымызды түгелдеп алдық. Жеке кәсіпкерлер болса немесе бір істі бастағысы келіп жүрген жандарға айтарым бірігіп іс бастасаңыздар істеріңіз өнімдірек болады. Мұндай бірігуді мемлекет теқолдап отыр. Осындай жеңілдікті тиімді пайдаланыңыздар. Енді біздің алға қойған мақсат-жоспарымыз өте көп. Әрине бірінші кезекті өнім түрлерін ұлғайтып, өнімділікті тартырсақ дейміз. Өнімдерімізбен тек аудан, облыс халқын емес республикаға,тіпті шетелге де экспорттағымыз келеді»,- дейді Дильшат Давранов.
Кәсіпкерлігі кең қанат жайған Сайрам ауданы көлемінде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жеңіл өнеркәсіпті дамыту мақстаында мемлекеттік қайтарымсыз грант конкурсына 10 адам бірігіп қатысуына болады. Бұл өткен жылдан бері жақсы қолға алынып келе жатыр дейді мамандар.
«Қазіргі таңда аудан бойынша комиссия отырысының биылғы жылғы бірініш легі бойынша облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту үшін 10 адам бірігіп, азаматтар шоғырлану арқылы өз кәсіптерін бастай алады. Автокөліктерге қаптама тігу жобасын қолға алған кәсіпкерлер ағымдағы жылдың бітінші легінде қатысқан болатын. Қазір грант қаражатын толықтай игеріп отыр. Есептерін толық тапсырып жүр. Өткен жылы Қарабұлақ ауылында Көлкент ауылдық окурігінде Қосбұлақ деген ауылда күркетауық шаруашылығын дамыту үшін пилоттық жоба қолға алынған болатын. Жалпы ауылдық округ бойынша пилоттық жобаға 20 адам қатысып, қазіргі таңда олар да өз кәсіптерін домалатып жатыр. Биылғы жылдың екінші легінде жеңіл өнеркәсіп саласында магниттік кәдесый жобасы бойынша 10 адам комиссияның оң қорытындысын алды. Яғни олар да бірігіп, кәсіп ашпақшы. Ол Ақсукент аулыында іске асырылайын деп жатыр. Олардың грант қаражатын игеру үшін әлі уақыттары бар. Қағидаға сәйкес грант алған күннен бастап азаматтар 3 айға дейін қаржыны игерулері қажет. Ең басты басымдықты біз қызмет көрсету мен өндіріс саласына беріп отырмыз. Өткен жылы құс шаруашылығын қолға алғандар көп болды. Оның ішінде ерекше жобамыз Манкент ауылының тұрғыны Сардор түйеқұс бағу кәсібіні бастады. Қазіргі таңда ол түйеқұстарының санын 20-дан асырып отыр. Ол грант қаражатына 3 қана түйеқұс алған болатын. Биылғы жеңіл өнеркәсіп бағыты бойынша ерекшелік ат әбзелдерін тігу, өндіріс саласында кондитерлдік өнім өндіру, құрт өнімдері, сүт өнімдері, құрылысқа арналған қолғаптар шығару сол секілді өте ерекше жобалар көп»,- дейді Сайрам ауданы «Мансап» орталығы жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің маманы Нұрдәулет Асамбаев.
Мамандардың дерегінше Сайрам ауданында мемлекеттік грант конкурсына биылғы жылдың екі легінде де 325 адам қатысқан. Бірінші лекте 69 адам грант қаражатына ие болса, екінші лекте 86 адам жеңімпаз атанған.
Жалпы Сайрам ауданы бойынша мемлекеттік қайтарымсыз грант жеңіп алған азаматтарға тұрақты түрде мониторингтік жұмыс жүргізіліп отырады. Қағидаға сәйкес кәсіпкерлер бір жылда 4 рет есеп тапсырады екен. Яғни әр тоқсанда бір есеп береді. Алғақшы есебінде грант қаражатын қайда жұмсады, қандай заттар алды деген секілді сатып алған құжаттары мен қоса фотосуреттерін тапсырады. Екінші тоқсанда олар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі қажет. Соны растайтын құжаттарын тапсырады. Сондай -ақ қанша адамды жұмыспен қамтып отыр, қанша табыс тауып отыр соны да тапсырады. Кәсіп иелері кезең кезеңімен есеп тапсырады. Мамандар өткен жылы грант қағидасын бұзғандар болмағанын айтады.
Бұған дейін ауданда түрлі шаруашылық саласына басымдық беріліпі келсе кейінгі уақытта қызмет көрсету мен өндіріс саласын қолға алғандар көбейіп келеді. Биыл жыл басынан бері ауданда 86 адам 127 миллион теңгеге грант қаражатын жеңіп алған.
Айта кетейік, мемлекеттен берілетін қайтарымсыз грантқа алдымен өтінім беру қажет. Ол үшін порталда тіркелу; грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту; бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу; өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою қажет. Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады. Грант алу үшін бірқатар шарттарды сақтау қажет. Жаңа бизнес-идеяны іске асыруға грант алуға үміткер бола алады: тіркелген жұмыссыздар; жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін). Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек: мүгедектігі бар адамдар; қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар; өңіраралық қоныс аударушылар аз қамтылған отбасы мүшелері; көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы / зайыбы); мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы); асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар. Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс. Рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, адами факторды азайту, өтініш берушілерге ыңғайлы болу үшін гранттар берудің бүкіл процесі электрондық форматқа ауыстырылды. Грант алуға өтінімдерді қабылдау бірыңғай терезе – Business.enbek.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. Грантты: қажетті құрал-саймандарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, малдарды, жануарларды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды сатып алуға, орын-жайларды жалға алу ақысын төлеуге алуға болады. Гранттар: тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді. Гранттарды Еңбек мобильділігі орталықтары грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық/қалалық комиссияның шешімі негізінде береді. Үміткерлер өз бизнес-жобасын комиссия отырыстарында таныстырады. Бұл ретте комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды бағалайды және бағалау парағын мынадай өлшемшарттар бойынша толтырады: бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, өткізу нарықтарының пысықталуы, бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі, кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі, жаңа жұмыс орындарын құру. Осылайша, грант беру туралы шешім комиссиялық түрде және үміткерлердің бизнес-жобаларының пысықталуын бағалаудың нақты өлшемшарттары негізінде қабылданады. Комиссия шешімі үміткердің Порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі. Комиссияның оң шешімі болған жағдайда үміткер банк деректемелерін ұсынады, шартқа қол қояды және одан әрі тоқсан сайын қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп береді. Мұның бәрі Еңбек мобильділігі орталықтары мен оның филиалдарына (мансап орталықтарына) бармай-ақ, электрондық форматта жасалады.