Қызылорда облысының үш ауданында округ әкімдерінің сайлауы ұйымшылдықпен өтті

Oinet.kz 23-11-2024 15

Қызылорда облысының Қармақшы ауданының Т.Көмекбаев, Жалағаш ауданының Таң және  Шиелі ауданының Телікөл ауылдық округі әкімдердің сайлауы 15 қыркүйекте жоғары денгейде ұйымдастырылып, өткізілген болатын. 

Screenshot_26.jpg

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтановтың айтуынша, Қармақшы ауданының Т.Көмекбаев ауылдық округі әкіміне 4 кандидат тіркеліп, бюллетенге енгізілді. Округі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген 768 азаматтың 506-ы сайлауға қатысқан. Сайлау бюллетеньдерін санау барысында Байғабылов Төрехан Тілеубайұлы сайлаушылардың 181 дауысын жинаса, Байғараев Руслан Кәрібайұлы – 3, Балтабай Нұрлыбек Балтабайұлы 1, ал Нысанбаев Ғарышбек Бауыржанұлы сайлаушылардың 311 дауысына ие болған. Сонымен Нысанбаев Ғарышбек Бауыржанұлы Т.Көмекбаев ауылдық округінің әкімі болып сайланды. 

- Ауыл әкімдерін тікелей сайлау – жалпы өзін-өзі басқару жүйесінің ма¬ңызды бөлігінің бірі. Сондықтан ауыл әкімін тікелей сайлаудың нәтижесі өте маңызды. Бұл бір жағынан сайланатын әкімнің жауапкершілігіне байла¬нысты. Екінші жағынан халықпен қа¬рым-қатынастағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының шын мәнінде жүзеге асуына толықтай өз үлесін қосады. Мемлекет басшысының осындай демократиялық қоғам құруға талпынысы анық байқалады. Осы орайда ол демократияның бірден-бір көрінісі сай¬лау екеніне назар аударып отыр. Міне 15 қыркүйекте өткен Жалағаш ауданының Таң ауылдық округі әкімінің сайлауы демакратияның жемісі. Мұндағы сайлаушылар тізіміне енген 761 азаматтың 603-і сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Сайлау қорытындысында Ибраев Дәурен Сәбитұлы сайлаушылардың 49 дауысын жинаса, Сакиев Айдар Нұрмағанбетұлы 43, ал Сейдахметов Кайрат Бегимович сайлаушылардың 507 дауысына ие болды. Сөйтіп Amanat партиясы ұсынған, 1979 жылы туған, Таң ауылдық округінің әкімі Сейдахметов Кайрат Бегимович өз орнын сақтап қалды. Бүгінде ол аудандық аумақтық сайлау комиссиясында тіркеліп, қызметіне кірісіп кетті, - дейді комиссия төрағасы. 

Ал 15 қыркүйекте өткізілген Шиелі ауданы Телікөл ауылдық округі әкімінің сайлауы да жоғары денгейде өткізіліп, қорытындысы да жария болды. Құрылған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 876 адамның 486-ы сайлауға қатысып дауыс берді. Дауыс беру қорытындысында кандидат Меңлібеков Ерлан Талғатбекұлы сайлаушылардың 25 дауысын жинаса, кандидат Рысбек Жасұлан Сейітжаппарұлы 158, ал кандидат Сәрсенбаев Әлібек Айдарбекұлы сайлаушылардың 303 дауысына ие болған. Дауыс беру қорытындысымен Сәрсенбаев Әлібек Айдарбекұлы Шиелі ауданы, Телікөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Сөйтіп өзін-өзі ұсынған, 1970 жылы туған ол өз орнын сақтап қалды. Шиелі аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, 2024 жылғы 16 қыркүйектегі шешімімен  2024 жылғы 15 қыркүйектегі сайланған Телікөл ауылдық округінің әкіміне Сәрсенбаев Әлібек Айдарбекұлын тіркеді. 

- Осы және алдыңғы сайлауларда біздің бір байқағанымыз бақылаушылардың, сайлау учаскелерінің жұмысы, дауыс санау мен сайлауды өткізудегі мамандардың кәсіби деңгейінің жоғары болғаны таңдандырды. Біз бұдан кейінгі сайлауларды да сол өткен сайлаулардан үлгі алып, жоғары дайындықпен өткізуді жоспарлап отырмыз, - дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов.  

Қызылорда облысында халықтың сеніміне ие болған әкімдер қызметіне кірісті
Ауданда бірігіп кәсіп ашқандар қатары артып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу