Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Қызылорда облысының Арал ауданының Бөген, Қосаман, Сазды, Қазалы ауданының Алға және Тасарық, Қармақшы ауданының Т.Көмекбаев, Жалағаш ауданының Таң және Шиелі ауданының Телікөл ауылдық округі әкімдердің сайлауы 15 қыркүйекте өтті.
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтановтың айтуынша, Қызылорда облысында кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы жоғары деңгейде өткізілуде. Аймақта кейінгі 3 жылда 117 ауыл әкімі сайланған. Өткен жылы 38 кент және ауыл әкімінің сайлауы болса, биыл 25 ауыл әкімі сайланған.
-15 қыркүйекке тағайындалған сайлау Арал ауданының Бөген, Қосаман және Сазды ауылдық округтерінде ұйымшылдықпен өтті. Бұл ауданда ауыл әкімі лауазымына төрттен-үштен кандидат тіркелген. Сайлау барысында халық өз таңдауын жасап, үміткерлердің ішінен лайықты әкімді таңдап алды. Сонымен Арал ауданының Бөген ауылдық округі әкіміне 4 кандидат дауысқа түсті. Бөген ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген 990 азаматтың 649-ы қатысты. Сайлау қорытындысында Әлішев Айбек Аралбайұлы сайлаушылардың 420, Қуатов Жандос Үргенішбайұлы – 11, Нақылов Ержан Нақылұлы – 1, ал Үргенішбаев Бақытжан Қонысбайұлы 205 дауыс жинаған. Сөйтіп, өзін-өзі ұсынған, 1990 жылы туған Бөген ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Әлішев Айбек Аралбайұлы Бөген ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Елдің қолдауына ие болған ауыл әкімі округ тұрғындарымен ынтымақта жұмыс істеуде, - дейді комиссия төрағасы.
Ал Қосаман ауылдық округі әкіміне 3 кандидат дауысқа түсті. Қосаман ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 409 азаматтың 330-ы қатысты, өз таңдауларын жасаған. Сайлау қорытындысында Ықыласов Жеңісбек Серікұлы сайлаушылардың 21, Кеншімбаев Анарбек Жолдасұлы – 286, Сембеков Елдос Аралбайұлы 21 дауысын жинаған. Сонымен өзін-өзі ұсынған, 61 жастағы осы әкімдіктің статистигі Кеншімбаев Анарбек Жолдасұлы Қосаман ауылдық округі әкімі болып сайланды.
Сондай-ақ, Арал ауданының Сазды ауылдық округі әкімінің де сайлауы талапқа сай ұйымдастырылып, өткізілді. Бұл округте үміткер ретінде 4 кандидат дауысқа түсті. Сазды ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 300 азамат енгізілсе, сайлауға 215 адам қатысып, дауыс берген. Сайлау қорытындысында Есеев Ақтілек Алтынбекұлы сайлаушылардың – 3, Қоңырбаев Айдос Қоңырбайұлы – 121, Сүлейменов Сәкен Байтақұлы – 62, Шүкіров Болат Ахметұлы – 2 дауыс жинаған. Сөйтіп өзін-өзі ұсынған 28 жастағы округ әкімі аппаратының бас маманы Қоңырбаев Айдос Қоңырбайұлы Сазды ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
-Облыстағы халқы тығыз орналасқан Қазалы ауданының Алға және Тасарық ауылдық округтерінде өткен әкім сайлауы Арал ауданындағы ауылдық округтердің әкім сайлауы сияқты ұйымшылдықпен өткен болатын.
Атап айтсақ, Қазалы ауданының Алға ауылдық округінің әкіміне 2 кандидат дауысқа түсті. Бұл округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 1016 адамның 824-і сайлауға қатысты. Сайлау қорытындысында Бегалиев Алмас Усеинович сайлаушылардың 754 дауысын жинаса, Ерболат Бауыржан Ерболатұлы сайлаушылардың 67 дауысына ие болды. Сөйтіп, 54 жастағы «Шолпан» шаруа қожалығының жетекшісі Бегалиев Алмас Усеинович Алға ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Ал Қазалы ауданының Тасарық ауылдық округінің әкіміне 3 кандидат дауысқа түсті. Тасарық ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 460 азамат енгізілген, оның ішінде сайлау бюллетеньдерін 380 адам алып, дауыс берген. Сайлау қорытындысы бойынша Дайрабаев Сакен Жарылкасынович сайлаушылардың 29, Карибаев Алмухан Ергалиевич 287 дауысын жинаса, ал Серикбаев Талгат Серикович сайлаушылардың 41 дауысына ие болған. Сайлау нәтижесінде 60 жастағы округтің әкімі Карибаев Алмухан Ергалиевич Тасарық ауылдық округінің әкімі болып сайланып, өз орнын қайта сақтап қалды. Осылайша халықтың сеніміне ие болған Алмухан Ергалиұлы қызмет мерзімін екінші қайтара ұзартып, жұмысына қайта кірісіп кетті, - дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов.