Түркістан облысында сайланған әкімдер өз міндеттерін абыроймен атқаруда

Oinet.kz 22-11-2024 14

15 қыркүйекте Түркістан облысының 4 ауданының 4 ауылдық округінде әкім сайлауы өткізілді. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиевтің айтуынша, Түркістан облысының барлық ауданында ауылдық округ әкімдерінің сайлауы жиы ұйымдастырылып келеді екен.

Screenshot_24.jpg

Мәселен, қыркүйек айында Жетісай ауданының Ыңтымақ, Отырар ауданының Қоғам, Сайрам ауданының Көлкент және Түлкібас ауданының Мичурин ауыл округтерінде әкім сайлауын өткізіліп, жаңа әкімдерді халық сайлаған.  

- Облыс аудандарында 15 қыркүйек күні өткен 4 ауылдық окртутер бойынша әкім лауазымына барлығы 9. кандидат тіркелген болатын. Оның 2. саяси партиядан ұсынылса, 7.-і өзін-өзі ұсынған. Әйел саны 1-еу. Мәселен, Жетісай ауданының Ынтымақ ауылдық округі бойынша барлығы 3 кандидат ұсынылса, олардың бірі саяси партиядан ұсынылса, екеуі өзін-өзі ұсынғандар. Оның бірі – 1987 жылы туылған, Ынтымақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Тилеуова Лаура Болатбекқызы. Екінші кандидат – 1989 жылы туылған, Ынтымақ ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Оралов Аян Бегалиевич (Аян кейін өз кандидатурасын сайлаудан алдырып тастады). Екеуі де өзін-өзі ұсынғандар. Ал Amanat партиясы атынан ұсынылып отырған үшінші кандидат – 1992 жылы туылған, Ынтымақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Елеусізов Нурболат Әбдімажитұлы.  

Енді 15 қыркүйекте өткен сайлау қорытындысына қарайтын болсақ, сайлаудың жоғары деңгейде ұйымшылдықпен өткенін көреміз. Атап айтсақ, Жетісай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Жетісай ауданының Ынтымақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде аудандық сайлау комиссияларының қорытындыларын жариялады. Ынтымақ ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген 7095 азаматтың 4235-сі дауыс берді. Сайлау қорытындысында Елеусізов Нурболат Әбдімажитұлы сайлаушылардың 3506 дауысын жинаса, ал Тилеуова Лаура Болатбековна – 716 дауыс иеленді. Ынтымақ ауылдық округінің әкімі болып Amanat партиясы атынан ұсынған, 1992 жылы туған, Асықата кентінің тұрғыны, Жетісай ауданының Ынтымақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман Елеусізов Нурболат Әбдімажитұлы сайланды. Бүгінгі таңда ол өзіне жүктелген міндеттерді халық сенімінен шығу үшін атқаруда, - дейді комиссия төрағасы.

Ал Отырар ауданы Қоғам ауылдық округі әкімінің сайлауы да Жетісай ауданының Ынтымақ ауылдық округі әкімі сайлауы сияқты ұйымшылдықпен өтті. Қоғам ауылдық округі бойынша ұсынылған үш кандидаттың екеуі өзін-өзі ұсынған. Олардың бірі – Отырар ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, 42 жастағы Айдаркулов Мухтар Туребекұлы. Екінші кандидат - Қоғам ауылдық округі әкімі аппаратының инфрақұрылым жөніндегі бас маманы, 37 жастағы Елеусизов Нурсултан Балтабаевич. Ол кейін сайлауға түсуден ерікті түрде бас тартып, бюллетеннен өзін алдыртып тастады. Үшінші үміткер Отырар ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық  бөлімінің басшысы, 50 жастағы Жамалханов Шохан Жамалханұлы.

Қоғам ауылдық округінде өткен сайлауға сайлаушылар тізіміне енген 2376 азаматтың 1649-ы қатысқан. Сайлау қорытындысында Айдаркулов Мухтар Туребекулына сайлаушылардың 334 дауысын жинаса, Жамалханов Шоқан Жамалханұлына 1281 дауыс иеленді. Сөйтіп, сайлау қорытындысы бойынша Қоғам ауылдық округінің әкімі болып 1974 жылы туылған, Отырар ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы Жамалханов Шоқан Жамалханұлы сайланды.

Сондай-ақ 15 қыркүйекте Сайрам ауданының Көлкент ауылдық округі әкімінің сайлауы да тартысты өтті. Ондағы сайлаушылар тізіміне 12331 азамат енгізілген. Дауыс беруге 9533 сайлаушы қатысты. Мұнда бастапқыда үш үміткер ұсынылған, ал сайлау бюллетеніне енген үміткер саны – 2-еу. 

Оның бірі – Артиков Ирстай Шаниязович. 36 жастағы ол 

Арыс ауылдық округі әкімінің орынбасары болып қызмет атқарады.

Екіншісі – Усипбеков Абдибек Зиятаевич. 59 жастағы ол Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары болып жұмыс істейді. Екеуі де өзін-өзі ұсынған. Ал Amanat партиясы ұсынған үшінші үміткердің есімі Юлдашов Уткиржон Авазхонович. 47 жастағы ол Көлкент ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарған. Сайлау қорытындысында Усипбеков Абдибек Зиятаевичке 2260 дауыс берілді, ал Юлдашов Уткиржон Авазхоновичке 7264 дауыс берілді,

Сайлау қорытындысы бойынша Көлкент ауылдық округінің әкімі болып 1977 жылы туылған, саяси партия атынан ұсынылған округтің әкімі Юлдашов Уткиржон Авазхонович қайта сайланды.

- Жалпы ауылдық округі әкіміне үміткерлер сайлау заңы тәртібімен екі жолмен ұсынылады. Біріншісі саяси партиялар арқылы. Бұл ретте саяси партия бір сайлау округінен бір ғана үміткерді ұсынуға құқылы. Екіншісі дауыс беруге құқығы бар тиісті сайлау округі сайлаушыларының кемінде 1 пайызы қолдауымен өзін-өзі ұсыну жолымен жүзеге асырылады. Жоғарыда атап өткен үш ауылдық округте сайлау талабына сай екі кандидат саяси партия атынан, ал өзгесі өзін-өзі ұсынғанын көрдік. Нәтижесінде саяси пария қолдауына ие болған екі кандидат та округ әкімі атанды. Ал осы күгі келесісі сайлау Түлкібас ауданының Мичурин ауылдық округінде өтті. Мұнда да ұсынылған кандидат саны үшеу. Олардың бірі саяси партиядан ұсынылса, екеуі өзін-өзі ұсынған. 

Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Түлкібас ауданы, Мичурин ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысы жарияланды. Мичурин ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 4401 азамат кірді, олардың 3353-і дауыс берді. Сайлау қорытындысында Жайшыбеков Н.У сайлаушылардың 177, ал Сарбасов Ж.С  - 3024 дауысын жинады. Мичурин ауылдық округінің әкімі болып Amanat партиясы ұсынған, 1990 жылы туған, Ю.Гагарин атындағы жалпы білім беретін мектеп директорының орынбасары Сарбасов Жомарт Сайнулы сайланды. Сайлауда жеңіске жеткен жаңа әкімдер аудан активіне таныстырылды. Бүгінде олар өз міндеттерін абыроймен атқаруда, - дейді Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев.

Жаңа сайланған әкімдер халықпен ынтымақтаса жұмыс істеуде
Қызылорда облысында халықтың сеніміне ие болған әкімдер қызметіне кірісті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу