Жаңа сайланған әкімдер халықпен ынтымақтаса жұмыс істеуде

Oinet.kz 22-11-2024 15

17 қарашада Ақмола облысының Қорғалжың және Целиноград аудандарына қарасты Амангелді және Қараөткел ауылдық округтерінде әкім сайлауы өтті.

Screenshot_23.jpg

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Николай Политкиннің айтуынша, бұл ауылдық округтерге кандидаттарды тіркеу уақыты 24 қазанда аяқталып 6 кандидат тіркелген. Олардың екеуі саяси пария тарапынан ұсынылса, төртеуі өзін-өзі ұсынғандар. Оның екеуі әйел.

Мәселен, Қорғалжын ауданының Амангелді ауылдық округі бойынша тіркелген кандидаттың бірі 49 жастағы Амангелді ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Мамыраемов Самат Өкешұлы. Екінші кандидат – 28 жастағы өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған Тукенов Уәлихан Қанатұлы. Үшінші кандидат – 32 жастағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған Дюсембаев Меирман Кабылдауұлы. 

- Сайлаудың әділ өтуі халыққа да байланысты. Руласын, туысын тағайындамай, елге шын жаны ашитын азаматты таңдау қажет. Ол үшін сайлауға түсетін кандидатқа туысым, бауырым да қарамау керек. Міне, 17 қарашада Қорғалжын ауданының Амангелді ауылдық округі әкімі сайлауында біз осыны көрдік. Халық өз таңдауын жасауда бөле-жарылмай қолынан іс келетін азаматты таңдады. Сонымен Қорғалжын аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  14 бабының 9) тармақшасына,44 – 2- тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Қорғалжын ауданының Амангелді ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасы сайлау қортындыларын жариялады.

Амангелді ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 286 азаматтың 165-і өз таңдауын жасап, дауыс берді. Санақ барысында 4 бюллетень жарамсыз деп танылса, 3 сайлаушының барлығына қарсы дауыс бергені анықталды. Ал кандидаттарға келсек, Дюсембаев Меирман Қабылдаұлы сайлаушылардың – 1, Мамыраемов Самат Өкешұлы – 153, ал Текенов Уалихан Қанатұлы – 4 дауыс жинаған. Сөйтіп, Амангелді ауылдық округінің әкімі болып, 1975 жылы туған, Амангелді орта мектебінің мұғалімі, өзін-өзі ұсынған Мамыраемов Самат Өкешұлы сайланды. Ол Қорғалжын аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45 бабына сәйкес №9/69 19 қараша 2024 жылғы шешімімен 2024 жылы 17 қарашада болған әкім сайлауының қортындылары туралы сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Қорғалжын ауданының Амангелді ауылдық округі әкімі болып тіркеді, - дейді Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Николай Политкин.

Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округі әкімінің сайлауы да Қорғалжын ауданының Амангелді ауылдық округі сияқты жоғары деңгейде өтті. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-5 бабына сәйкес үш кандидат тіркелді. Барлығы да өзін-өзі ұсынғандар. Оның бірі – ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті мониторинг және үйлестіру бөлімінің бас сарапшысы, 43 жастағы Абзалбеков Бауржан Сундетбайұлы. Екінші кандидат – «Нұресіл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, 42 жастағы Алимжанова Ботагоз Кадыркеқызы. Үшінші кандидат – «Рақымжан Қошқарбаев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, 40 жастағы Рахимбекова Каншаим Дулатқызы. Бірақ соңғы кандидат сайлау қарсаңында бюллетеньнен өз есімін алдырып, сайлауға түсуден ерікті түрде бас тартты. 

Сонымен Целиноград аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссиялардың Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындысы жарияланды. Қараөткел ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 5088 азаматтың 1596-сы дауыс берген. Дауыс санау барысында 8 бюллетень жарамсыз деп танылса, 86 сайлаушы «Бәріне қарсы» жолында белгі қалдырған. Сайлау қорытындысында Абзалбеков Бауржан Сундетбайұлы сайлаушылардың 1255 дауысын жинаса, Алимжанова Ботагоз Кадыркеқызы 247 дауыс иеленген.       

Сөйтіп Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округінің әкімі болып 1981 жылы туған, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті мониторинг және үйлестіру басқармасының мемлекеттік қызметшісі, өзін-өзі ұсынған Бауыржан Сүндетбайұлы Абзалбеков сайланды.

- Облысымызда 17 қараша күні тағайындалған барлық аудандардағы ауылдық округ әкімдерінің сайлауды жоғары деңгейде өткізілді. Өзім куә болған Қорғалжын мен Целиноград аудандарының сайлаушылары да ауылдық округ әкім¬дерін сайлау науқанында барлығы белсенділік танытты. Бір атап өтерлігі, халық ауыл округі әкіміне үміткерлерді таңдауда жергілікті жағдаймен жақсы таныс, халықтың қамын ойлайтын, білімді, іскер, сол аймақтың тумаларын таңдап, дауыс берді. Қос ауылдық округ әкімдері бүгінгі таңда тиісті міндеттерін атқарып, халықпен бірлікте жұмыс істеуде, - дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Николай Политкин.

Нахимов ауылдық округ әкімі екінші қайтара сайланды
Түркістан облысында сайланған әкімдер өз міндеттерін абыроймен атқаруда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу