Еліміздің болашағы жарқын болсын

Oinet.kz 06-10-2024 53

Референдум еліміздің тарихындағы маңызды белес болды. Ұлтымыздың шынайы өзгерістерге деген дайындығы мен ұйымшылдығын көрсетті. Астаналық саясаттанушы Еркебұлан Қуанбайдың айтуынша, ел азаматтарының АЭС салу бойынша дауыс беруге белсенді қатысуы қоғамымыздың кемелдігі мен жауапкершілігін білдіреді. 

Screenshot_55.jpg

Референдум бойынша exit-poll қорытындысына қарайтын болсақ, Орталық комиссияның мәліметінше, кешегі күнгі сағат 20:00-дегі жағдай бойынша сайлауға алдын ала қатысу 63,87 пайызды құрап, барлығы 7 820 918 адам дауыс берген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берген соң, журналистердің сұрағына жауап берді. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері президенттен референдум қорытындысы бойынша халық АЭС құрылысын қолдаса, оны кім салатынын сұрады. «Бұл оңай сұрақ емес. Үкімет талдау жасап, тиісті келіссөздерді жүргізуге тиіс. Бірақ менің жеке көзқарасым Қазақстанда ең жетекші технологиялары бар әлемдік компаниялардан құралған халықаралық консорциум жұмыс істеуі керек. Содан кейінгісін, былайша айтқанда, өмір көрсетеді», - деп жауап берді Президент.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр стансасын кім салады деген жеке пікірін білдіріп, көпшіліктін толғандырып жүрген мәселесін ашып айтты. Үкіметтің ендігі жоспары – ең озық технологиялары бар әлемдік компаниялармен келіссөздер жүргізетін болады. Келіссөздердің нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Біріншіден, жобаны жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаға әсер етпеуге басты назар аударылады. Екіншіден, бұл жоба қоғамдық тыңдаудан өтеді. Алда, Үкіметпен қоғамға жұмыс жеткілікті. 

- 6 қазан күні сағат 18.00-де референдумда дауыс бере алатын 12 миллион 200 мың адамның 61 пайызы, яғни 7 миллион 500 мыңы дауыс беріп үлгерген. Меніңше, қолдаушылар мен қарсы болған азаматтардың саны шамалас. Бұндай жағдайда нәтиженің қандай болғанына қарамастан референдум қорытындысы бойынша көпшіліктің пікірін мойындау өте маңызды. Айырмашылық, тіпті, 1-2 пайыз болса да. Мысалы, 2016 жылы Британияда өткен референдумда ЕуроОдақтан шығамыз деген дауыс берушілердің үлесі 52 пайыз болды, ал қалған 48 пайызы сол шешімді мойындады. Нәтижесінде Британия ЕуроОдақтан шықты. Немесе 4 жыл сайын өтетін АҚШ президентінің сайлауында да дәл сондай көрініс жиі болады. Соңғы рет 2020 жылы Джо Байден Трамптан бірнеше пайыз ғана басым түскен еді. Нәтижесінде Байден 4 жыл бойы билікте болды. Демократия деген осы. 

Ал АЭС-ке келер болсақ – АЭС салуды көрші Қырғыз бен Өзбекстан да қарастырып жатыр. Ол жақта бұл мәселе референдумсыз шешілді және АЭС-тің құрылысына Ресейлік Росатом жауапты болады. Егер Қазақстан АЭС салса, оны тек бір ел емес, бірнеше ел бірігіп салуы мүмкін. Мысалы, Ресей мен Қытай немесе Қытай мен Франция, Оңтүстік Корея деген секілді. Қалай болса да, Орталық Азия елдері энергетикалық қауіпсіздік мәселесін шешкісі келеді және осы орайда Ресей мен Қытайға энергетикалық және технологиялық тәуелділікке түсіп қалмау маңызды, - дейді сарапшы Еркебұлан Қуанбай. 

АЭС құрылысының салынуы – Әділетті Қазақстан құруға жасалған тағы бір қадам екені сөзсіз. Қазақстанның болашағы жарқын болғай. 

Референдум «Әділетті Қазақстанның» үлгісі
Референдум халық тарапынан қолдау тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу