Референдум «Әділетті Қазақстанның» үлгісі

Oinet.kz 06-10-2024 37

Референдум – ашық дауыс берудің айшықты нышаны. Қазақстандықтардың еліміздің болашағына үлкен әсер ететін мәселеге мән бере қарап, өз таңдауын жасауға мүмкіндік берген саяси кешенді науқан. Бұл референдум – дауыс берудің барынша қолайлы жүйесі дамуды мақсат еткен еліміздегі демократиялық қағидалардың шынайылығын дәлелдеді. Бұл референдум «Әділетті Қазақстанның» үлгісі болды.

Screenshot_54.jpg

Жалпы АЭС бойынша референдум қорытындысына қарайтын болсақ, дауыс бергендердің 71,12 пайызы қолдаған. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіровтың мәліметінше, референдумге 5 миллионнан аса қазақстандық қатысқан. «7 қазан таңындағы алдын ала дауыс беру нәтижелері келесідей көрінеді: 71,12 пайыз азамат қолдады, ал 2 452 071 азамат қарсы дауыс берді», - деді ол.

Кеше Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтті. Референдум 6 қазанда сайлау учаскелерінде сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтті. Бұл ретте 80-нен аса учаске өз жұмысын 06:00-де бастады. Республика бойынша дауыс беруге арналған 10 мыңнан ан аса учаске құрылды. Шетелде Сеул мен Токиода учаскелер бірінші ашылды. Жергілікті атқарушы органдар республика бойынша дауыс берушілердің тізіміне 12 миллион 244 мың 683 азаматты енгізген.

- Кешегі референдум жоғары деңгейде өтті. Шетелдік бақылаушылар да елде өткізілген референдумды жоғары бағалап отыр. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдум қорытындысы бойынша Қазақстан халқына жасаған үндеуінде: «Кеше елімізде айрықша мәні бар тарихи оқиға болды. Мемлекетіміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ата заңымызға ұсынылған өзгерістерді азаматтардың басым көпшілігі қолдады. Референдум жоғары деңгейде өтті. Мұны халықаралық және отандық байқаушылар да айтып жатыр. Конституциялық реформалар қоғамда қызу талқыланды. Дауыс беру барысы демократия талаптарына сай өтті. Ешқандай мәжбүрлік болған жоқ. Референдум нәтижесі саяси жаңғырудың анық символына айналды. Азаматтарымыз зор жауапкершілік танытты және отансүйгіштік қасиетін паш етті. Біз Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы бірлігіміз бекем екенін көрсеттік. Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді. Бүкіл қоғамның дамуына тың серпін береді. Референдумға белсене қатысып, қолдау білдірген барша халқымызға зор ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ, конституциялық өзгерістердің мән-маңызын түсіндіруге атсалысқан азаматтарға, түрлі қоғамдық ұйымдарға алғыс айтамын» деді Президент. Қасым-Жомарт Кемелұлының сөзімен айтар болсақ, Референдум еліміздің тарихындағы маңызды белес болды. Ұлтымыздың шынайы өзгерістерге деген дайындығы мен ұйымшылдығын көрсетті, - дейді Нұрлан Әбдіров.

Референдумдағы халықтың белсенділігі бүкіл ел бойынша байқалып отыр. Қоғамның барлық топтары: жастар, егде жастағы азаматтар, кәсіпкерлер, жұмысшылар – барлығы да өз елінің болашағына бейжай қарамай, сайлау процесіне белсене қатысты. Бұл Қазақстандағы саяси мәдениеттің жоғары деңгейде дамып келе жатқандығын көрсетеді. Еліміз үшін маңызды күнде сайлау учаскелерінде орын алған осындай жағдайлар қоғамның біртұтас екендігін, елдің дамуы үшін әрбір азаматтың үлесі маңызды екенін дәлелдей түсті. 


Халық азаматтық ұстанымын білдіріп, өз таңдауын жасады
Еліміздің болашағы жарқын болсын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу