Маңғыстауда сайлау өтті
7 шілде күні Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы Болашақ ауылдық округінде әкім сайлауы өтті. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Дүйсенбай Атағаевтың айтуынша, Болашақ ауылдық округі әкіміне үш кандидат тіркелген.
Үшеуі де өзін-өзі ұсынғандар. Кандидаттың бірі Болашақ ауылдық округі әкімі аппаратының инспекторы Сыйлыбай Жарқынбайұлы Аманқұлов болса, екіншісі Құланды ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Мейрам Шорсұлы Нурекешов. Үшінші үміткер Мұнайшы ауылы әкімінің орынбасары Әбутәліп Бахтиярұлы Тәжібай.
- Бүгінгі күні елімізде өткізіліп жатқан аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округ әкімдерінің сайлауында жариялылық пен ашықтық бар. Мемлекет басшысы тапсырмасымен бүгінде сайлау жүйесінің жаңғыра және жандана түскені анық. Жалпы халықтың да көзқарасы өзгергені байқалады. Ауданында өткен сайлауда байқағанымыз, сайлау учаскелеріне келіп, өз дауысын берушілердің қатары арта түскен. Бұл қуанарлық жағдай. Мәселен, Қарақия ауданы Болашақ ауылдық округінде сайлаушылар тізіміне енген 159 азаматтың 88-і сайлауға қатысты. Кандидаттар арасындағы берілген дауыс қорытындысына қарайтын болсақ, Аманқұлов Сыйлыбай сайлаушылардың 67, Нурекешов Майрам 8, Тәжібай Әбутәліп 9 дауысын жинаған. Сайлау қорытындысы бойынша Болашақ ауылдық округінің әкімі болып Аманқұлов Сыйлыбай Жарқынбайұлы сайланды, - дейді комиссия төрағасы.
Мемлекет басшысының тапсырмасына байланысты еліміздегі сайлау жүйесі жылсанап жаңарып, оған көптеген жаңашылдық енгізілді. Әлбетте, кез келген саяси жаңғырудың басты мақсаты азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыру екені тү¬сінікті. Бұл бағытта атқарылған жұмыс аз емес. Бұған дейін бейбіт шерулерді ұйымдастыру тәртібін өзгертіп, бұрынғы рұқсат алу қағидатын хабардар ету қағидатына ауыс-тыру, саяси партияларды тіркеу үшін оның мүшелерінің саны жөніндегі талапты 40 мыңнан 20 мың адамға азайту, сайлау кезіндегі партиялық тізімде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота қарастыру, пар-ламенттік оппозиция инсти¬тутын енгізу секілді баста¬малардың өзі бір төбе.
- Ата Заңымыздағы маңызды өзге¬рістің тағы бірі мәслихаттың құзіретіне бай¬ланысты. Егер сайланған әкімді халық жарамсыз деп санаса, онда оған мәс¬лихат арқылы сенімсіздік біл¬діреді. Мәс¬лихаттың құрамы да бұ¬рынғыдай партия тізімімен емес, ауыл, аудан, қала дең¬гейінде толықтай мажоритарлық сайлау жүйесі арқылы жүзеге асып жатыр. Яғни, бір мандатты округ арқылы кез келген азамат өзінің конституциялық құқығын қорғай отырып, депутат атануға мүмкіндік алды. Бұл – жергілікті белсенділерге, туған жерінің дамуына үлесімді қосамын деген азаматтарға жол ашуда. Бұл – тікелей сайлаудың артықшылықтары. Әкім мен халық арасындағы байланыстың нығаюына, жауапкершіліктің артуына және жұмыстың тиімділігіне тікелей әсер етеді. Ауыл әкімдерін тікелей сайлау – жалпы өзін-өзі басқару жүйесінің ма¬ңызды бөлігінің бірі. Сондықтан ауыл әкімін тікелей сайлаудың нәтижесі өте маңызды. Бұл бір жағынан сайланатын әкімнің жауапкершілігіне байла¬нысты. Екінші жағынан халықпен қа¬рым-қатынастағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының шын мәнінде жүзеге асуына толықтай өз үлесін қосады. Мемлекет басшысының осындай демократиялық қоғам құруға талпынысы анық байқалады. Осы орайда ол демократияның бірден-бір көрінісі сай¬лау екеніне назар аударып отыр. Сон¬дықтан осы бағыттағы жұмыстарды қол-дау қажет, - дейді Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Дүйсенбай Атағаев.