Павлодарда әскери бөлімде атыс болып, бір адам қаза тапты
Павлодардағы әскери бөлімдердің бірінде болған атыс салдарынан бір әскери қызметші қаза тауып, тағы бірі жарақат алды, деп жазады Оinet.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мәліметінше, оқиға келісімшарт негізінде қызмет атқаратын әскери қызметшілер арасында болған. Алдын ала дерек бойынша, олардың бірі өзіне бекітілген қарудан оқ атқан.
Оқиға салдарынан атқан әскери қызметші сол жерде көз жұмған. Ал екінші адам жараланып, оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


