Шиелі ауданында екі әкім сайланды

Oinet.kz 20-06-2024 70

7 шілде күні Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Ақмая мен Тұран ауылдық округтерінде әкім сайлауы өтті. Шиелі ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М.Дулатовтың айтуынша, Ақмая ауылдық округі әкімі болуға үш кандидат тіркелген болатын. Ол кандидаттың бірін Amanat партиясы ұсынса, екеуі өзін-өзі ұсынғандар. Өзін-өзі ұсынған Жандос Нурбайұлы Нурильдаев пен  Бағдат Абайұлы Әбусәдір. Ал Amanat партиясынан Бейсембаев Ғалымжан Қайырбекұлы ұсынды.

Screenshot_57.jpg

- Елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар сайлаушылардың сайлау процесіне тікелей араласуына, өз таңдауын жасауына және олардың жергілікті жерлерде атқарушы органдардың шешім қабылдау процестеріне қатысуға толық мүмкіндіктер береді. Бұндай оң өзгерістер өңірдегі саяси партиялармен қоғамдық ұйымдардың да жұмысын жандандыруға ықпал ететіндігі белгілі. Тағыда бір айта кететін мәселе, сайлаудың заң талаптарына сәйкес өтуіне және оның ашықтығын қамтамасыз етуге әр түрлі тараптардан қатысатын байқаушылардың рөлі үлкен. Мәселен, бұған дейін ауданымызда өткен сайлаулар барысында көп тәжірбие жинақтадық. Жалпы сайлау туралы заңда сайлау учаскелерін сайлаушыларға барынша қолайлылық туғызу мақсатында, жергілікті және өзге жағдаяттар ескеріле отырып құру айқындалған. Бүгінгі күні, ауданда құрылған барлық сайлау учаскелері заң талаптарына сәйкестендірілген. Бұл учаскелердің барлығында сайлаушыларға және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың учаскеге келіп дауыс беруіне толықтай жағдай жасалынған. Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған немесе тағайындалған сәттен бастап дауыс беру күніне 30 күн қалғанға дейінгі мерзімде тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы. Сайлау комиссиялары сайлаушылармен жұмыс істеуде жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілердің мүмкіндіктерін пайдалануда. Мысалы, кейінгі саяси науқандарда Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен азаматтарды сайлау туралы барынша құлақтандыру шаралары ұялы байланыс операторларымен СМС хабарламалар тарату арқылы жүргізіліп келеді. Сонымен қатар, сайлауға дейін сайлаушылардың тізімін нақтылау шаралары әкімдіктерде құрылған колл-орталықтарда және дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссияларымен еgov.kz порталындағы онлайн-сервистер арқылы сайлаушылардың дауыс беруіне жағдайлар жасалуда. Соның арқасына кешегі күні Ақмия ауылдық округінде өткен сайлаушылардың 85 пайызы қатысып, өз таңдауларын жасады, - дейді М.Дулатов.   

Ақмая ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №301 учаскелік сайлау комиссиясының және Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хаттамалары негізінде Ақмая ауылдық округінде сайлау өттіп, қорытындысы 8 шілде күні жарияланды. Аталған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 1518 адам енгізілген. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны  1211 адам.

Ауылдық округі әкімі болуға кандидат ретінде бюллетеньге енгізілгені 2 адам ұсынылып, дауысқа түсті. «Дауыс беру барысында кандидаттың бірі  Ғалымжан Қайырбекұлы Бейсембаев сайлаушылардың 1113, келесі кандидат Жандос Нурбайұлы Нурильдаев 98 дауысын жинады. Дауыс беру қорытындысымен  Ғалымжан Қайырбекұлы Бейсембаев Шиелі ауданы, Ақмая ауылдық округінің әкімі болып сайланды. 

Бейсембаев Ғалымжан Қайырбекұлы 1984 жылы туған Шиелі кенті әкімінің аппараты каммуналдық мемлекеттік мекемесінің кент әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген. Amanat партиясының мүшесі, осы партиядан ұсынылған. Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, 2024 жылғы

8 шілдедегі шешімімен  2024 жылғы 7 шілдедегі сайланған Ақмая ауылдық округінің әкіміне Бейсембаев Ғалымжан Қайырбекұлын тіркеді» - дейді комиссия төрағасы.  

Ал «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабы 8-1) тармақшасына, 113-5-бабына сәйкес Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының қаулысымен Тұран ауылдық округі әкіміне үш кандидат ұсынылған болатын. Үшеуі де өзін-өзі ұсынғандар. Атап айтсақ, оның бірі Парманқұлов Мақсұт Әзімханұлы , екіншісі Оспанов Дәурен Әуезұлы мен Қадыров Нұржан Исабекұлы. 7 шілде күні Тұран ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №300 учаскелік сайлау комиссиясының және Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хаттамалары негізінде Тұран ауылдық округінде өткен сайлаудың қорытындысы жарияланды. Бұл сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 1902 сайлаушының 1546-ы дауыс берді. Дауыстарды санау барысында Қадыров Нұржан Исабекұлы сайлаушылардың  117, Оспанов Дәурен Әуезұлы 109, ал Парманқұлов Мақсұт Әзімханұлы 1320 дауысына ие болды. Дауыс беру қорытындысымен 1966 жылы туған, «ТЖӨҚ- Құрлыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бөлімінің аусым бастығы Парманқұлов Мақсұт Әзімханұлы Шиелі ауданы, Тұран ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

- Тамыз айында ауданымызда тағы бір сайлау өткізу жоспарланып отыр. Ол сайлау 11 тамызға қойылған. Бұл сайлау аудандағы Майлытоғай және Иіркөл ауылдық округтерінде өткізіледі. Оған дайындық бүгіннен басталып кетті. Осы ретте алдағы сайлауға түсетін кандидаттарға қандай талаптар қойылады. Соны тағы бір айтып өткім келіп тұр. Атап айтсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауыл әкімдерін елді мекен тұрғындары тікелей дауыс беру арқылы сайлау құқығын иеленді. Сондай-ақ бұл лауазымға тұрғындардың өзін-өзі ұсынуына мүмкіндік жасалды. Бюллетеньдерде «бәріне қарсымын» деген тармақ қосылды. Бүгінгі таңда әкімге үміткерлер екі жолмен ұсынылады. Біріншісі саяси партиялар арқылы. Бұл ретте саяси партия бір сайлау округінен бір ғана үміткерді ұсынуға құқылы. Екіншісі дауыс беруге құқығы бар тиісті сайлау округі сайлаушыларының кемінде 1 пайызы қолдауымен өзін-өзі ұсыну жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте сайлауға кандидаттар тіркелмеген не ұсыну мерзімі аяқталған күнге бір кандидат ұсынылған жағдайда жоғары тұрған әкім тиісінше екі не бір кандидат ұсынуға құқылы. Талаптарға сәйкес, әкімдерді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халқы жалпыға бірдей, тең, тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Өкім лауазымына мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін және 25 жастан кем емес Қазақстан азаматы сайлана алады. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айырылған азаматтардың сайлануға құқығы жоқ. Сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен етелмеген, алынбаған соттылығы бар немесе заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс пен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауда кінәсі бар адам әкімге кандидат бола алмайды. Тағы бір айта кететін мәселе сайлауға қатысу үшін өзін-өзі ұсынған кандидаттар өз қаражаттарынан жергілікті атқарушы құрылымның шотына 350 мың теңге мөлшерінде жарна аударуы қажет. Бұл қаражат кандидат сайлауда жеңіске жетіп, аудан әкімі болып сайланған жағдайда немесе сайлаушылардың 5 пайыздан астам дауысын жинаса қайтарылады, - дейді Шиелі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М.Дулатов.

Маңғыстауда сайлау өтті
Солтүстік Қазақстан облысында 9 ауданның 21 ауылдық округінде сайлау өткізіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу