Солтүстік Қазақстан облысында 9 ауданның 21 ауылдық округінде сайлау өткізіледі
Солтүстік Қазақстан облысында 2024 жылдың 4 тамызына 9 ауданның 21 ауылдық округінде әкім сайлауын өткізу белгіленген. Яғни облыстың Айыртау, Есіл, Жамбыл, Мағжан Жұмабаев, Қызылжар, Мамлют, Ғабит Мүсірепов, Тайынша, Тимириязев, Уалиханов пен Шал ақын аудандарында алдағы сайлауға дайындық жұмыстары басталып кетті.
Солтүстік Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереевтің айтуынша, жыл басынан бері облыста екі рет сайлау ұйымдастырылыпты. Оның бірі 25 ақпанда 7 ауданның 7 ауылдық округінде өткізілсе, 19 мамырда 6 ауданның 7 ауылдық округінде өткен.
Ал ендігі 4 тамызға белгіленген сайлау Айыртау ауданының Константиновка мен Лобанов, Есіл ауданының Амангелді, Заречный және Явленка, Жамбыл ауданының Кладбинка, Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласы, Алтын дән мен Бастомар, Қызылжар ауданының Бугровое, Виноградов және Прибрежный, Мамлют ауданының Мамлютка қаласы мен Новомихайлов ауылдық округі, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Возвышен мен Новоселов, Тайынша ауданының Драгомиров, Келлер, Тихоокеан және Яснополян, Тимирязев ауданының Докучаев, Уәлиханов ауданының Қарасу, Шал ақын ауданының Городецкое, Новопокров, Приишим мен Юбилейный ауылдық округтерінде өткізілмекші.
- Мемлекет басшысының тапсырмасына байланысты еліміздегі сайлау жүйесі жылсанап жаңарып, оған көптеген жаңашылдық енгізілді. Әлбетте, кез келген саяси жаңғырудың басты мақсаты азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыру екені тү¬сінікті. Бұл бағытта атқарылған жұмыс аз емес. Мәселен, 2021 жылғы 25 мамырда Президентіміз «Қазақстан Респуб¬ли¬ка¬сындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура¬лы» заңға қол қойды. Соған сәйкес ауыл әкімдерін елді ¬мекен тұрғындары тікелей дауыс беру арқылы сайлау құқығын иеленді. Сондай-ақ бұл лауазымға тұр¬ғындардың өзін өзі ұсынуына мүмкіндік жасалды. Бюл¬ле¬тень¬дерде «бәріне қарсымын» деген тармақ қосылды.
Ал 2022 жылғы наурызда халыққа арнаған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында Президент аралас сайлау жүйесін енгізуді ұсынғаны белгілі. Мұндай пропорционалды-мажоритарлы үл¬гіде сайлаушылардың мү䬬¬десі ұлттық және өңірлік дең-гей¬де толық көрініс табатыны анық. Соған сай Мә¬жілістің депу¬таттық корпусының 70 пайы¬зы пропорционалдық, 30 пайызы мажо¬ритарлық тәсілмен жа¬сақ¬талды.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі аясында төрт саяси реформалар пакеті қабылданды. Сайлау жүйесіне, саяси партияларға қатысты бірнеше заң-намаға өзгертулер енгізілді. Консти¬ту¬цияның 33-бап, 56-тармағы жаңар-ды. Халық референдумды қолдады. Жер¬гілікті өзін өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды. Осының аясында елімізде ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысының 9 ауданындағы 21 ауылдық округтерінде ауыл әкімінің өкілеттілік мерзімінің аяқталуына байланысты жергілікті тұрғындар жаңа әкімді сайлайды, - дейді Асқар Жоламанұлы.
Президенттің мемлекеттік басқару жүйесін реттеуді қолға алғаны өте құптарлық қадам. Өйткені басшылықты реттеп алмай, тіршілікті түзеу қиын. Ал, әкім сайлау – қазаққа бейтаныс рәсім емес. Бабаларымыз болыс, би, қазыларды да, ханды да сайлаған. Ұлы далада қалыптасқан сайлауы да, заңы да, басқару жүйесі де болған. Сол үдеріс жаңғырып жатса, неге құптамасқа?!
Бір атап өтерлігі қазіргі таңда сайлау жүйесінде ашықтық бар.
- Шындықты айту керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен сайлау жүйесі жаңаша түрленді. Халықтың да көзқарасы өзгергені байқалады. Облыстың бірнеше ауданында сайлау өткізгенде байқағанымыз, сайлау учаскелеріне келіп, өз дауысын берушілердің қатары арта түскен. Бұл қуанарлық жағдай. Тағы бір айтайын дегенім, шет мемлекеттердің де сайлау жүйесіндегі тың идеялар да біздің сайлау өткізу тәжірибемізді арттыруға серпін беруде. Мәселен, осыдан бірнеше ай бұрын Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров Кореяда өткен сайлауға қатысып, Кореяның озық сайлау тәжірибесімен танысып келіп, бізбен ол елдің сайлау жүйесіндегі тәжірибемен бөліскен еді. Сол сапардан үлкен әсермен оралған, Нұрлан Әбдіров бізден кездескенде ондағы сайлаушылардың белсенді және сапалы қатысуын ерекше атап өткен болатын. Есте болса, Сеулде «Korea Times» газетіне берген сұхбатында Н.Әбдіров «мерзімінен бұрын дауыс беруге келетін болсақ, біздің басымдығымыз – бұл процестің тек сайлау органдарына ғана емес, сайлаушыларға да ыңғайлы болуын қамтамасыз ету. Дауыс беру кезеңіне қарамастан, біздің мақсатымыз өзгеріссіз қалады: ашықтық пен әділдік», деді. Біздегі сайлау жүйесінің Кореямен салыстырғанда халықтың ыңғайына, қарапайымдылығына бейімделгені және таңдау халыққа берілуімен ерекшеленеді. Ал қазіргі таңда 4 тамызға белгіленген сайлау алды дайындық жұмыстары басталып, кандидаттардан өтініш түсе бастады. Ол ақпараттар алдағы күндері жарияланатын болады, - дейді Солтүстік Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереев.