Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Бүгінге дейін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның 3 ауылдық округінде округ әкімінің сайлауы өтті. Ендігі екі ауылдық округте өтетін сайлау 4 тамызға белгіленген. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрсадық Барақаевтың айтуынша, аудандағы бұған дейін өткізілген сайлаулар ұйымшылдықпен өткізіліп, халық өздері дауыс беріп, қалаған ауыл әкімдерін сайлап алған.
- Мемлекет басшысының тапсырмасымен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы үш жылдан бері өткізіліп келеді. Біздің ауданда да бүгінге дейін үш ауылдық округ әкімінің өкілеттілігі аяқталып, жаңа әкімдер сайлау жүйесімен қызметтеріне кірісті. Соның бірі 19 мамырда Червонный ауылдық округінде өткен болатын. Кандидаттарды ұсыну кезінде округ әкімі лауазымына барлығы 3 кандидат ұсынылды. Оның бірі партия тарапынан ұсынылса, екі кандидат өзін-өзі ұсынған. Барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алып, сайлау бюллетеніне енгізілді. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссиясынаң Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Червонный ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындысы жарияланды. Атап айтсақ, Червонный ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген 1213 азаматтың 823-і дауыс берді. Сайлау барысында жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны 14 болса, «Барлығына қарсы» деген белгі соққан 40 бюллетень анықталды. Ал дауыс кандидаттар арасында төмендегідей бөлінді. Атап айтсақ, Ә.Абаев сайлаушылардың 571, А.Қапенова 134, ал Ә.Қожахметова 64 дауысын иеленді. Сөйтіп Червонный ауылдық округінің әкімі болып Amanat партиясы ұсынған, 1993 жылы туған, жастар саясаты мәселелері жөніндегі аудан әкімінің бас инспекторы Әлібек Кенжебулатұлы Абаев сайланды, - дейді комиссия төрағасы.
Ал мұның алдында Ғ.Мүсірепов атындағы ауданының Бірлік және Чистопол ауылдық округтерінде тағайындалған әкім сайлаулары да ұйымшылдықпен өткізілген болатын. Мәселен, Бірлік ауылдық округі бойынша 3 кандидат тіркелді. Оның бірін Amanat партиясы ұсынса, екеуі өзін-өзі ұсынған болатын. Чистопол ауылдық округінде де дәл осылай 3 кандидат өздерінің бағын сынап көру үшін құжаттарын өткізіп сайлауға түскен еді.
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссиясынаң Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Бірлік және Чистопол ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі. Бірлік ауылдық округі әкімінің сайлауына сайлаушылар тізіміне енген 713 азаматтың 550-і қатысып, дауыс берді. Мұнда санақ барысында 17 бюллетень жарамсыз дер танылса, 30 сайлаушы «Барлығына қарсы» деген белгіні белгілеген. Сайлау қорытындысында Amanat партиясы ұсынған, округтің әкімі Азамат Қожахметұлы Әржикеев өз орнын сақтап қалды.
Ал Чистопол ауылдық округі әкімінің сайлауына сайлау округі бойынша қатысуы тиіс 1939 азаматтың 1421-і қатысып, өз таңдауларын жасады. Мұнда 31 бюллетень жарамсыз деп танылса, «Барлығына қарсы» дауыс берген сайлаушы саны 43-ті құрады. Дегенмен сайлау болған соң оның жеңімпазы болуы заңдылық. Дауыс санау барысында А.Кузнецова сайлаушылардың 118, О.Оспанова 96, В.Руденкин 1133 дауысын жинаған. Сайлау қорытындысымен Amanat партиясы ұсынған, уақытша жұмыссыз жүрген Руденкин Владимир Николаевич Чистопол ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
- Ендігі кезекте алдымызда тағы бір үлкен міндет тұр. Ол Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Возвышен мен Новоселов ауылдық округ әкімдерін сайлау. Өткен үш сайлау қорытындысы бойынша жаңа сайланған округ әкімдері өз міндеттеріне кірісіп кетті. Үш округте сайланған әкімдердің барлығы да Amanat партиясы ұсынған кандидаттар. Қазір олар өздеріне жүктелген, сеніп тапсырылған қызметтерін абыроймен атқару үстінде. Ал 4 тамызға тағайындалған округтер бойынша кандидаттар ұсынылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сүйенер болсақ, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтері әкімдерін халық өздері сайлацйды. Сайлау туралы Конституциялық Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларда әкімдердің сайлауын өткізу, оларға қойылатын талаптар, әкімдікке кандидаттар ұсыну, ұсынылған кандидаттарды тіркеу, әкімдер сайлауын өткізу, сайлау қорытындыларын белгілеу және жариялау, сайланған әкімдерді тіркеу тәртіптері нақты айқындалған.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасы жұмыс істеп тұр. Құжат 67 түзетуден тұрады. Заң жобасында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент пен ауылдық округ әкімдерінің сайлауын өткізуге қатысты өзгерістер ұсынылған. Сайлау заңнамаларына сәйкес ауылдық округ әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу, сайлау қорытындысын белгілеу мәселелерімен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы айналысады. Алда өткізілетін ауылдық округ әкімдерінің сайлауын аудандық аумақтық сайлау комиссиясы әрекеттегі әкімдердің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде қырық күн бұрын тағайындайды және олардың заңда белгіленген өкілеттік мерзімі аяқталуына дейін кемінде он күн бұрын өткізілуге тиіс. Қазақстан Республикасының азаматы ауылдық округ әкімі болып сайлануы үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс, - дейді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрсадық Барақаев.