Зиянкестермен күрес – өзекті мәселе

Oinet.kz 24-07-2019 921


зиянкес.jpg

Ақ алтынның отаны Мақтаарал ауданында «Мақта дақылының кеш егілуіне байланысты жүргізілетін қоза баптау технологиялары» тақырыбындағы ғылыми-теориялық семинар-кеңес өтті.  Жиында  ағымдағы жылдың ауа-райының қолайсыздығына байланысты тиісті мерзімдік агротехниклық іс-шараларды уақтысында, сапалы және өз тәртібіне сай жүргізе отырып мақта дақылдарының өнімділігін арттыру жолдары қаралды. Егістік алқабына жиналған жүзге жуық диқандар, ойларын ортаға салып, тәжірибе алмасты. 

    Алқалы жиында сөз сөйлеген Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының директоры, академик-ғалым Ибадулла Үмбетаев қарқынды технологияларды пайдаланудың тиімділігін түсіндірді. "Биыл шаруалар мақтанды жылдағыдан 2-3 аптаға кешігіп екті. Бұл өз кезегінде енді ғана өсіп келе жатқан ақ алтынды зиянкестерге жегізіп алу қауіпін тудыруда. Біз зиянкестермен күресте қоршаған ортаны ластамаудың, адамдар мен жан-жануарлардың денсаулығына зиян тигізбеудің, пайдалы фауна мен тозаңдаушы жәндіктердің табиғи көбеюіне мүлде зияны жоқ жаңа әдістерті пайдалануымыз керек. Экономикалық жағынан тиімді және химиялық әдіске қарағанда бірнеше есе арзан, қолдануға ыңғайлы бұл технология - биологиялық әдіс екені анық" - деді И.Үмбетаев.

Семнар-кеңестің теориялық бөлімі инстиуттың базасында жалғасты. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Сәкен Сұлтанханов қатысты.  Мамандардың мәліметінше жалпы өткен жылы  ауданда 26959 гектар алқапта биологиялық әдіс, 32306,4 гектар алқапта химиялық әдіс арқылы зиянкестерге қарсы күрес жүргізіліпті. Соның арқасында жылдағыдан өнім көбірек алынған. Ал, бүгінгі күнде өсiмдiктердi қорғау мақсатында биоагенттер және биопрепараттар өсірумен, өндірумен және таратумен айналысатын 3 биофабрика, 4 биозертханалар жұмыс жасауда.

Айта кетейік, мақтааралдық диқандар мақтадан бөлек, 11502 гектарға бақша, 5492,4 гектарға дәнді дақылдар, 2003 гектарға жоңышқа, 1827,6 гектарға көкөніс, 1689,9 гектар жерге ескі жоңышқа, 83,2 гектарға жүзім, 54,2 гектарға жеміс-жидек, 54,2 гектарға картоп еккен.

Қазіргі таңда мақтаның қатар аралығын қопсыту жұмыстары 35140 гектарға жүргізіліп, техникалық шараға жалпы саны 357 техника қатысуда. Ауданда ауыл шаруашылығы техникалары да жыл сайын жаңарып келеді. Мәселен, биылдың өзінде 206,2 млн. теңгеге 23 дана жаңа техникалар алынған.


Жаңа автобекет ашылды
Түркістанды түлететін 5 қаулы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу