Кәсіпкерлік жоба: Электромагниттік өрістен шығатын радиацияны жоюшы аппарат

Oinet.kz 11-06-2019 1924

Күн суыта келе жұртшылық түрлі жылыту құралдарын, қысқа толқынды пештерді көп қолдана бастайды, теледидар алдында жиі отырады. Сондай-ақ кейінгі жылдары тұрмысымызда компьютерлер, көбейту, көшірме құралдары, WIFI, ойын автоматтары, емдеу-профилактикалық мекемелеріндегі төмен және жоғары жиіліктегі физиотерапевттік электроқондырғылар, тұрғын үйлердің, мекемелердің төбесіне орнатылған қабылдау-тасымалдау мобильді, спутниктік байланыс антенналары, тұрмыстық техникалар, тағы да басқа электромагниттік өріс туындататын құрылғылар үнемі қолданыста болып келеді.Аталған құрал-жабдықтар арқылы қоршаған ортаға берілетін үзілісті, үзіліссіз толқындар биоэкосистемаға әсер етеді. Оның белгілі дәрежеде адам ағзасына да тигізетін зияны бар, ол толқынның жиілігіне және қуатына тікелей байланысты.  Мысалы, электромагниттік өріс толқынының үзіліссіз аз мөлшерінің өзі ағзаның орталық жүйке жүйесіне, қорғаныш статусына, көзге кері әсер етеді, көру, есте сақтау қабілетін төмендетумен қатар жыныстық органдардың және эмбрионның дамып жетілуі мен қызметіне де теріс ықпалын тигізеді. Ана құрсағындағы эмбрионның электромагниттік өріс толқындарына сезімталдығы ана ағзасына қарағанда анағұрлым жоғары екендігі, сондықтан жүкті әйелдердің электромагниттік өріс аумағында ұзақ болуы нәрестені туа біткен кеселдерге ұрындыратыны ғылыми тұрғыда дәлелденген.


Ұсынылатын жоба: электромагниттік өрістен шығатын радиацияны жоюшы аппарат.

Қазіргі таңда мұндай аппараттар санаулы ғана, деседе аппараттың Функциясы мен жобаның жұмыс жасауы толыққанды дамымаған. 

Аппаратта электромагниттік өрістен шығатын радиацияны жоюды негізге ала отырып, бір аппаратқа көптеген жобалар енгізуге болады, мысалға:

* Үй ішінде электромагниттік өрістен шығатын радиация өлшемін көрсету.  

* Үй ішіндегі ауаны алмастыру.  

* Су буын тарату.  

* Үйдің температурасын көрсету.


Аппараттық жобаны Қазақстанда өндіругеде болады болмаса шетелден жоба негізінде жасап шығаруғада болады. 

Қазыргі технология дамыған заманда, технологиялық құрылғылар кеңнен қолдануда, біз қолдану арқылы да денсаулыққа кері әсерін тыйгізетін мұндай жәйіттерді азайтудың жолын іздейміз, сондықтан да жоба үздіксіз дамып іске асумен қатар қолданысқа кеңнен тарайтын болады. 

Естен Ербол



Ресурстық қарғыс. Мұнайға «байланған» елдер құлдырап барады
Н.Назарбаев: «Бізге жаңа әлемдік валюта керек»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу