«Басын кесіп кетіпті»: 18 жасар қызды құмар ойынға тігіп жіберген жігіттің өмірі не болды?

Oinet.kz 13-12-2024 54

Белгілі психолог Ләззат Рақышеваның Instagram парақшасына бір оқырман жаншошырлық оқиға туралы жазған. Айтуынша құмар ойынға берілген жігіт көршісінің 18 жасар қызын ұтысқа тігіп жіберген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_2.jpg

"Бір жігіт карта ойынына қатты беріліп, ұтыс тігіп ойнайды екен. Азартқа енгені сонша, ірі ұтыстар тігуден танбапты. Бір күні барынан айырылып, тігерге заты қалмаған. Сол кезде өзімен бірге ойнап отырған үш жігітке бір таныс қызды шығарып беремін деп уәде етеді. Ұтысқа тіккені өзімен көрші тұратын 18 жасар өрімдей қыз екен. Әлгі қызды алдап үйінен алып шығып, үш жігіттің көлігіне салып жібереді. Үш арсыз қызды айдалаға апарып, кезекпен зорлайды. Үшінші еркек ісіне кірісіп жатқанда қыз бала есін жиып, бар күшімен бұлқынып, көліктен түсіп қаша жөнеледі. Әлгі үшеуі артынан машинамен қуып жетіп, үстінен мыжып, таптап өтеді. Қыз сол жерде жан тапсырады. Туыстары бәлен уақыт іздеп, арада біраз уақыт өткенде ғана қыздың денесін тауып алған. Бәрі көлік қақты деп ойлапты. Бірақ тексере келе қыздың ішкиімсіз табылғаны, зорлық көргені анықталады.

Өкініштісі, қызды қорлап қана қоймай, жас ғұмырын қиған жауыздар жазаланбайды. Өйткені жаңағы картақұмар, қыззорлағыш азғындардың бірі полиция басқармасы бастығының ұлы екен.

Бір қызығы, арада біраз уақыт өткенде әлгі бастықтың баласын біреулер өлтіріп, басын кесіп кетіпті. Адамның сотынан құтылса да, Алланың сотынан құтылмады деген осы шығар?!

Негізі, мұндай жағдайлар өте көп кездеседі біздің елімізде. Басшылар мен бай-бағландардың балалары көп ретте тәрбиеден тыс қала ма, әйтеуір, қылмыстың қақ ортасында жүреді. Бірақ көп ретте заңнан сытылып, жазасыз қалады. Өйткені құқық қорғау органдарын билігімен, ақшасымен сатып алады. Ал біздің елде бәрі сатылады, өкінішке орай..."

Ата-енем қолдағы барымызды 5 немересінен қызғанып тартып алды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу