Анам мені жақсы көруі үшін ота жасатып, жігітке айналғым келетін

Oinet.kz 14-09-2024 1122

Белгілі заңгер, психолог Ләззат Рақышева өзінің Instagram парақшасына анасына өкпесі қара қазандай бойжеткеннің хатын жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_10.jpg

Айтуынша, анасы ағасы екеуінің ортасына түсіп, әбден психологиясын құртқан көрінеді. 

"Анам мен ес білгелі ағама мені жамандайтын да жүретін. Барлық тәтті, қалағанының бәрін алып беріп, тойға, қонаққа да соны алып кететін. Бірдеңелер әкелсе де әуелі баласына таңдатып, өзінің жейтіндерін бәрін алып алатын, ал маған одан қалғандарын беретін. Осы кезге дейін ағам мен менің ортамызға от салып келеді. Көзінше мені кінәлі қылып қоятын. Егер бірдеме айтса менің сөзімді бұрмалап айтып, бір қыздар туралы ватсаптан жазып сұраса соны менікін анам ашып алып оқитын телефонымды, содан ағама барып ол қызбен сөйлеспе жаман қыз деген секілді сөздер айтып, оны кімнен естідің десе, менен екенін айтып, ағам болса маған ұрысып, кейде ұрып кететін. Ал анам болса есіктен қарап өзіңе сол керек дегендей кете беретін, тоқтатпайтын. Әкеме де ағамды ұрғызбауға тырысатын. Әкеңе ағаңның ұрғанын айтушы болма деп қорқытатын. Үйдің өзінде де, үнемі ұрыс-керіс болатын, қазіргі кезге дейін сондай. Көбінесе сол мен үшін ұрысып қалады. Анамның айтқан сөзін бір айтқаннан түсінбесең ұрысып, ұрып шығатын бірден. Әкем көбінесе анама, жәймен айтсаң қызыңа түсінеді деп, сен бірдеңе болса болды төмпештеп шыға келесің, сосын ол саған вообще жоламайтын да болады ертең дейтін. Көп ұратын ағамның алдында және ағама қарсы сөз айтқызбайтын. Ағам сөйлесе ағаңның сөзін бөлме, сенің әңгімең қызық емес, ана жаққа бар деп итеретін. Менің айтқан сөздерімді тыңдамайтын, көп сөйлей бермеші деп ұрсатын. Анам бірінші ұрысып бастайтын өмірі, қазіргі кезге дейін солай, көбіне кішкентай кезде маған ұрысып бастағанда әкем айқайлайтын, қызды неғып жайына қалдырмайсың осы, ынжық боп қалады ертең, біреудің алдында бір сөз айта алмай мүләйімсіп тұрғаны жақсы ма саған деп ұрыс басталып кететін. Ағам екеуіміз бір қатты ұрысқан кездерінде кішкентаймыз сол кезде (6,9жастардамыз) әке-анамыз ажырасып кетсе кімнің ізінен ересің деп, сол кезде мен үнемі папаның, ол маманың дейтін. Өйткені анам ағама ғана көп қарап, көңіл бөлетін, мені асырайтын осы ұл, бұл қыз кетіп қалат, дым пайдасы жоқ деп айтатын.

Анам менің қалауымды ешқашан орындамапты былай қарап тұрсам. Осы уақытқа дейін даже туған күнімде үйде торт болып, атап етіп көрмеппін. Үйдегілердің туған күнінде үйде қонақтар болып, өмірі торт, дастархан бәрі болатын, туысқандардың бәрі келіп. Мен асыранды адам сияқты туған күнімде тек телефонмен құттықтап қана қоя салатын, үйдегілердің өзі де жай құттықтап қоя салатын. Өзімді ешкімге керек емес адамдай сезінетінмін. Кәдімгі күндердің бірі секілді өтетін, қазірде сондай. Сол жұмыс істеп жүрген жылы туған күнім болғанда, ақшамды жинап ана-әкемді кафеге апардым. Отырып қайтайық деп, әкемді досы шақырып ол сол үйге кетті, анам екеуміз қалдық. Тағам таңдаған кезде де бұл жер маған ұнамайды неге келдік дегенін көрсеткісі келгендей, нан да ақша ма, таңдаған тағамын әкелді, соңында дым тәтті емес, анау дұрыс емес, мынау дұрыс емес деген әңгімелер айтты. Үйге жеткен соң әкеме айтып жатқанын есітіп қалдым, дұрыс емес екен тамақтары, уақытымды ғана босқа құртып келдім дегендерін. Сонда жыным келіп онымен кафеге бармайтын болдым. Барлығы тәтті, дәмді болды негізі, ақшасын да өзім төледім, сол ақшаны маған бермеді дегендегісі шығар. Менен ақша сұрай беретін, жұмыс істеп жүрген кезде, ал менің алатыным 80 мың, өзінікі менен 3 есе көп болсада менен сұрайтын. Ақшаға қатты құмар анам да, ағам да. Ағамның жасы 25 те. Қарызы белшесінінен асып түсетін шығар. Анам-әкемді әбден қарызға батырған, айтқандарын екеуі де істей береді. Қазірге дейін жұмыс істесе де, ақша алып отырады үйден. Менің де айлығымның жартысының көбін сол анам беріп жіберетін ағама. Өзіме бір-екі киім алып, әкеме аяқ киім алып беріп үлгерген шығармын. Қалғанының бәрі соған кетті.

Анам Маған өштесіп алған секілді көрінеді. Ал туыстарымыз, қонақтар келсе олардың алдында ең жақсы ана сияқты жүреді, былай шығып менің нервымды кетіріп ұрысып, ұрып, шымшып кетеді. Маған әкем жеке күнделік (личный дневник) әкеліп беретін көп қылып. Ойларыңды, сырларыңды жазып жүр деп, басында күшті қылып басымнан өткен жағдайдың бәрін жазып отыратынмын. Бір жағдайға дейін. Анам менің күнделігімді қайда қойып жүргенімді біліп, ішін ашып оқып, ертеңіне азанда бәріміз жиналып отырғанда не туралы жазғанымды бәрін бастан-аяқ айтып берген әкем мен ағама. Күліп отырып айтатын соның бәрін, содан кейін қағазға жазудан да қалдым. Қазіргі күнге дейін анам менің заттарымды, тетрадь, дневниктерді бәрін тексеріп, оқып жүреді. Неге олай істейтінін сұрасам маған қызық дейді, ал мен ауызбен айтқанда неғып тыңдамайсың десем, көп сөйлейсің, баршы ана жаққа деп ұрысып береді. Анамның қас-қабағына қарап өскен адаммын, басқа біреулердің, достарымның ортасында да қас-қабақтарына қараймын да жүремін. Подростковый период кезінде әкемнің, ағамның көзінше етеккір туралы сөз қозғайтын, келді ма деп, неше күн келді деп, мен ұялып жарылып кетердей отыратынмын. Саныма астыңғы жағымның қасына подкладка қажағаннан еті сағыз сияқты үрленгендей болып шығатын нәрсе шығып кететін кейде соны анам бәріміз отырған кезде үнемі айтатын, астыңды қасып жүрген жоқсыңба, қажағаннан неге шығып жүр дегендей нәрселерді. Жыным келіп нервный болып кететінмін. Нервный, қатты ашуланшақпын. Тез ашуланамын, кішкентай кезімде көп ашуландыра беретін, содан енді қазір зардабын тартып жүрмін, ЗОБ бар, кішкентай жыласам, ашулансам болды, тынысым тарылып, тамағым удай ашып вообще сөйлей алмай қаламын 1-2 сағатсыз. Жылайтын кино, видеолар да көре алмаймын осының кесірінен.

Анам менің самооценкамды түсіріп тастаған, кішкентай кезімнен сен әдемі емессің, шошқа, ұсқынсыз, тамақты жей бересің деп қазіргі кезге дейін солай айта береді. Ол кезде а так ап-арық болғам, бірақ содан кейін ол сөздерді жасөспірімдік кез (подростковый период) дейдіғой сол кездерде де есітіп қатты стресс болып соның орнын, маған қарасын деген сезім (вниманиені) тамақпен толтырғанмын (заедать) дейдіғой, сондай болған.

Қазір толғанмын, содан бері стресс, сол артық салмақ деген. Әдемі емессің деп айта береді, сені ешкім алмайды байға деп. Басқа адамдардың арасында сөз қозғап әңгіме айта алмаймын, қатты ұяламын, салмағыма қарап, бетіме қарап, әдемі емес екенімді бетіме басып тұрғандай көрінеді. Ешкіммен осы кезге дейін қыз бен жігіт ретінде жүріп көрмеппін. Әдемісің, жүрейік, сөйлесейік деген адамдардың бәрі маған өтірік айтып тұрғандай көрінеді. Өзімді бір ұсқынсыз, құбыжық ретінде көремін.

Сосын мен өзімді қыз ретінде сезінбеймін. Анам өмірі айтатын сен ер бала болуың керек еді, астыңды бермеген, ер баласың сен деп қайта-қайта айта беретін. Әкем көйлек, юбка әкеп берсе де біреудің қызына беріп жіберетін кимейді, еркекшора ол деп, менің кигім келіп тұрса да қарамайтын. Бір-екі рет тек әкем жаңа жылға апарған кезде көйлек кигенмін, қалған уақытта өмірі шалбар. Есейген соң да көйлек анда-санда киемін, көйлек кисем өзімді жайсыз сезінемін. Сол кезден бастап қой деймін, өз денемде өзімді біртүрлі сезінемін. Менің денем емес сияқты көрініп, жылайтынмын кейде неғып мені ұл қылып жаратпадың, сол кезде бәлкім анам мені жақсы көріп, құшақтап жүретін бе еді деп ойлап. Қазіргі кезге дейін ер бала болуың керек еді дегенін қоймайды, жасым уже 22 ге келсе де. Жасөспірім шақ (переходной возраст) кезінде даже интернеттен қалай қыздан ұлға айналуға болатыны жайлы ақпараттар іздеп оқитынмын. Ақша жинап операция істетіп алсам, мені жақсы көретін болады деп ойлайтынмын. Бір жігітті сырттай көріп, түр әлпеті әдемі екен деп ойласам, сол күні кешке жылайтынмын, күнә жасап қойғандай көремін өзімді. Ұлға ұлды жақсы көруге болмайды ғой дегендей. Интернет желісіндегі қыздармен сөйлессем де өзімді жігіт сияқты сезінемін, ойымның барлығы сондай неге екенін білмеймін арыла алмай ақ қойдым сондай ойлардан. Не істесем болады екен?", - деп жазды ол. 

Перашкі сатып күн көретін келіншектің қыздарына берген тәрбиесі елді сүйсіндірді
Өмірімді қор қылған шеше
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу