Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Лаззат қызым, сәлеметсіз бе, парақшаңды оқып жүргелі, бар нәрседен қорқатын болдым. Бұрын мән бермейтін балаларға қатысты мәселер қорқынышқа айналды. Бар нәрседен көңіліме күдік ұялай береді. Жаратқаннан немерелерімді аман сақтағай, адам баласының бар перзентін арам ниетті жандардан аман сақтауын күн сайын тілеудемін.
Жақында ғана 8-ші поезда жолаушылап келе жатқан едім. Вагонның ішінде біраз оқушылар келе жатыр екен, мен вагонға кіргеннен жігіт бала көңіл бөліп, «қыздар, апай орналасып алсын, соған мүмкіндік жасаңдар", - деп диктордың үніндей аса жағымды даусымен, тәрбиелік ескертпелерін айтқан соң, оларды бастап келетін мұғалім екенін аңғардым.
Орналасып алған соң, жан жағымды зерелей бастадым. Мұғалім денешынықтыру пәнінен маманы, Оралдың мектептерінен Алматыға оқушыларды алып баратын сапары екен. Өзі сымбатты, балаларға сөйлеген дауысы да, ықыласы да, ерекше болмысы нағыз ұстазға лайықты екенін көріп, қазақтың бір ұлына риза болдым.
Маған қарсы отырған қырықтар шамасындағы Оралдың бір универсетінде дәріс беретін ұстазбен әңгіме арасында осылай пікірлестік. Менің үстіңгі жағымда, және қарсы беттегі үстіңігі орында екі оқушы қыз бала 9-сынып та, көрші салонда көк футболкалы, шашы ұзын, ақ футболкалы қысқа шашты 7-сынып оқитын екі қыз бала болды. Ер балалар мен барлығы 13 оқушы екен. Қарсы орындағы жолаушы Шалқардан түскен соң, оқушы қыздар ағайымен сол орынға бәрі отырды.
Балалық ашық жарқын көңілдері, қараған адамды еріксіз елжірететін сүйкімді қыздардың, ұстаздарына кәдімгі ата-анасындай еркелеп отырғандары да ғажап. 9-сыныптағы екі қыз, өздерін оқшау ұстап, соткаға қарап, үстіңгі орында жатты да қойды.
7-сыныптағы екі қызға бар ақылын айтып мұғалім маған қарсы отырған еді, жарықтан көзімді ғана көлегейлеп, сүлгімен жауып мызғып кетіппін, бір қарасам, мұғалімі көк футболка киген қыздың мойнына қолын салып, құшақтап отыр екен, өзіне жақындатып ыңғайсыз отырғандарына, көзіме сенбей, біраздан соң тұрмақшы болып қимылдай бастағанымнан жібере қойды.
Поездің тербелісі, жасым келген мені, әдеттегі көзіме сүлгі жауып ұйықтайтын әдетімді қайталады. Тағы да мұрнымның үстінен көруім...
Мұғалім енді 7-сыныптамын деген ақ футболка киген шашы қысқа қызды құшағына алып, екіші қолымен қыздың алақанын үздіксіз уқалап, бір қолымен оң санын қыздың екінші қолын ұстап, өзінің тізесін шабына дейін қайта- қайта сипалатумен болды. Осындай жағдаймен екі қызды кезек құшақтаумен болды.
Бұл көрністі, ұстаздың оқушыларға мейрімі ме деп те ойлаймын, әлде жас қыздарды өзіне үйрету ме? Қанша жасқа келсем де, педагог емеспін, түйсігіммен шеше алмай, сіздеоге ақтаруыма тура келді.
Ляззат Ракишева
Instagram парақшасынан