Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Сәлеметсіз бе! Кешірім сұраймын мазаңызды алсам, сіздің оқырманыңызбын, үзбей оқимын сізді. Өзімнің де 2 ұлым, 2 қызым бар қатты қорқамын олар үшін. Мен де кішкентайымда зорлық-зомбылықтан қашып құтылып, аман қалғанмын. Оны кейін өзім күш жинап жазбасам қазір дайын емеспін айтуға.
Қазір Астанада тұрамыз толық қанды отбасымыз шүкір Аллаға. Мені алаңдататыны бір жыл бұрын ипотекаға үй алғанбыз. 2 этажда тұрамыз. Біздің астымызда алқаш жалғыз басты еркек тұрады Оның үйіне бүкіл алкаш, бомждар келеді ішіп алып. Подъезде ұйықтап жатады, араққа тойып. Кейде балаларым солардан қорқып, үйден шыға аламай қалады. 102 бізді жаттап алған. Қазір шақырсақ келмейді де. Көршілер де шаршады. Қайда хабарлассам болады? Не істеуге болады? Подьезге дәретке шығып тастайды. Дәреттің исі сасып жатады.
Долдасым да, өзім де жұмыстамын. 2 кішкентай қызым балабақшада. 2 ұлым сабаққа барады. Олар ішіп алып подъезде жатқанда, үйден шығуға қорқып отырады. 5 оқитын ұлым түстен кейін барады.
Оларды үйге жолатпауға қандай мүмкіндіктер бар? Түсінемін олар да адам. Бірақ балаларым үшін қатты алаңдаймын. Жолдасым қоғамдық автобус айдайды. Таңғы 4-5-те кетеді, түнгі 12-1-де келеді. Қу тіршіліктен, жұмыстан шыға алмай қалатын күндерім болады. Сол кезде 9 оқитын ұлым алып келеді бақшадағы қыздарымды. Уайымдаймыз.
Қандай шара қолдануға болады? Ұлым фото жіберсе, көршілердің группасына жазамыз. "Үйде кім бар? Шығарып жіберіңіздерші. Сабаққа бару керек, қорқып отыр шыға алмай үйден" деп.
Қандай шара қолдануға боалды? Кейде өзім де қорқамын.
Ляззат Ракишева
Instagram парақшасынан