Төркінім дүниемізге ортақтасып, басымызға шығып барады

Oinet.kz 09-01-2024 1257

7 жыл бұрын 20 жасымда өзім сүйген жігітке тұрмысқа шықтым. Обалы не керек түскен жерім текті, әрі жағдайы жақсы аудандағы беделді әулет екен. Не ішем, не жеймін деген жоқпын.

Screenshot_14.jpg

Кейін жолдасымның жұмысына байланысты қалаға бөлек шықтық. Талмай-тынбай жұмыс жасап, 2-3 жыл бұрын коттеджге кіргенбіз.

Енді мен төркінімнің сұраншақ қылықтарынан ұялып жүрмін. Анамнан бастап басымызға шығып барады. Онсыз да қолда бар дүниені ешкімнен аяп отқан жоқпыз. Жолдасым да төркініме құрметпен қарайды. Алайда, менің жақындарым мұны жуастық деп ойлады ма, келе-келе заттарымызды сұрамай иеленіп кете беретін болды. Үйге келген кезде, кілем, киім-кешек ұнап қалса, "жаңасын аларсыңдар, жағдайларың бар ғой",- деп алып кете береді.

Сіңлілерім мен келіндерім менің киімдеріме, әшекейлеріме жау. Оларға әлдене көрсетуге қорқам қазір. Інім қайта-қайта хабарласып, ақша сұрайды. Жолдасыма айтып бір, айтпай бір көмектесіп жүрмін.

Біздің күндіз-түні жұмыс істеп жиған дүниелерімізге неге ортақтаса беретінін түсінбеймін. Тіпті, күйеуімнің туыстары бұлай жасамайды ғой. Қаттырақ сөйлейін десем, арамызға сызат түсе ме деп қорқам. Үндемей жүре берейін десем, бір күні күйеуім сөйлеп қала ма деп қорқам. Не істеуге болады?

Күйеуімнің таусылмайтын студент іні-қарындастары шаршатты
Желіккен жеңгем ағамның түбіне жететін болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу