Күйеуімнің таусылмайтын студент іні-қарындастары шаршатты

Oinet.kz 09-01-2024 2319

Жасым 43-те. Күйеуіммен шаңырақ көтергенімізге жиырма жылдан асты. Алматыда тұрамыз. Тұрғанда да 2-3 бөлмелі времянкада бір қора адам өмір сүріп келе жатырмыз. Себебі, үйде күйеуімнің бітпейтін студент іні-қарындастары тұрады.

Screenshot_13.jpg

Күйеуім 10 ағайынды. Әрқайсысында 5-6 баладан бар. Бірі оқу орнын бітірсе, бірі студент атанып тұрады. Алматыға түскендерінің бәрін біздің үйге жіберіп отырады. 20 жылдан бері күйеуім екеуміз оңаша қалып сырласып көрмеппіз. Үйде үнемі адам жүргесін, ауылға жеткізіп бармасын деп дымымды шығармай жүрем. Бірақ, қашанғы шыдаймын білмеймін. 

Үйде адам көбейген сайын, шығын да көбейетіні белгілі ғой. Қай бір жылы өңкей ер балалар жүріп, е нанымды, е шайымды жеткізе алмай қор болдым. Оны күйеуіме айтсам, "құдай жеткізеді" дейді де кете береді. 

Өзіміздің төрт баламыздың аузынан жырып, сол қайындарымды асырап келе жатырмын. Өздері жұмыс істемейді. Ауылдарына барғанда да сүт-айранын ұстай келсе болады ғой. Ол да жоқ. 

Ойларына келген кезде кіріп-шығады. Түннің бір уағында асүй жағалап тамақ ішеді. Түнде тазалап кеткен асүйім, таңертең шошқа аралағадай боп жатады. Тым құрығанда, арттарын жинап жүруге шамасы келмейді. 20 жылдан бері ауыз ашпай, өзіміз де басымызға шығарып алдық қой деймін. Енді өзімді әрең ұстап жүрмін. Бір күні ішімдегі вулкан атылып, туған-туыстың алдында масқара болам ба деп қорқам.

Енем атамның жылы өтпей жатып, жас жігіт тауып алды
Төркінім дүниемізге ортақтасып, басымызға шығып барады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу