53-ке келген анама күйеу іздеп жүрмін...

Oinet.kz 09-01-2023 2405

Біз отбасымызда екі қызбыз. Менің жасым отыз бірде. Сіңлім жиырма беске келіп қалды. Анамның жасы биыл 53-ке келеді. 30 жасында әкеміз жол аптынан қайтыс болып, жастайынан жесір қалды. Бізді жеткіземін деп жүріп қайта тұрмысқа шықпады.

Screenshot_7.jpg

Менің тұрмысқа шыққаныма 7 жыл болды. Үш балам бар. Сіңлімнің де жасы өтіп бара жатқасын, тұрмысқа шығуы керек. Жігіті де бар екен. Тек анама қарайлайды. Бірақ қашанғы оң босағада отыра береді. Қыз жат жұрттық емес пе?

Мен енеммен тұрамын, анамды қолыма аламын десем түсінбейтін сияқты. Егер осындай жағдайлар итермелесе ешқашан көпшілікке анам туралы мұндай хабарландыру шығармас едім.

Қысқасы мен анамның жанын түсінетін, серік болатын күйеу іздеймін. Түсінігі бар, анаммен қатар адам болса, мен өзімнің бір баламды қолдарына берсем бе деймін. Соны ермек қып отырар ма еді? Сол анаммен қатар, түсінігі мол, жаман әдеттерге бейімі жоқ, еркектер бар ма екен қазір?

Ал сіздер қалай ойлайсыздар анамды күйеуге бергенім дұрыс па?

«Қалаулым көретін қауым ұрпақ тәрбиелей ала ма?»: «Дәстүр» фильмін көруге кеңес берді
Күйеуіме сенгендіктен ешқашан қызғанбайтынмын, телефонын тексермейтінмін бірақ...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу