Бар жылуды анамнан емес, кедей нағашымнан көрдім...

Oinet.kz 08-01-2023 2256

Мені кішкентай кезімде əкем тастап кеткен. Анам болса аяққа тұру үшін тынымсыз жұмыс істеді. Білуімше мені 11 айға толғанымнан бастап нағашыларым қарады. Нағашы атам өмірден озған.

Screenshot_1.jpg

Мектепке барғанға дейін анамнан кейінгі інісі маған көп көңіл бөлетін яғни нағашы ағам, есімі Оралхан. Ешқашан дауыс көтеріп ұрысқан емес. Кейін уақыт өте нағашы ағам бөлек отбасы болып кетті. Одан кейінде бізге демалыс күндері келіп тұратын. Əйтеуір келген сайын бар ақылын айтып менің сəби кезімдегі қылықтарын еске алып отыратын. Қанша жерден қателік жасасамда ол маған ұрыспауға тырысатын. 

Мектеп оқи бастаған кезде, байқамай қателіктер жасасам болды маған анам мен кіші інісі жиі ұрысатын. Анамның екі інісі бар. Кіші інісі əлі үйленбеген. Кейбір кезде қол көтереді. Аямай тепкілейтін. Бір күні Оралхан ағам сол жағдайды естіп үйге келіп барлығын аяғына тік тұрғызып ұрысты. Өмірі олай ашуланғанын көрмегенмін. Маған ылғи болысатын. Одан кейін олар қол көтеруін тоқтатты. Өзімде қырсық мінезім бар, бірақ нағашы ағамды тыңдаймын.  

Анам қанша жерден жағдайымды жасасада маған көңіл бөлмейді. Өмірі көңіл-күйі жарқырап жүргенін көрмеймін. Шынайы күлгенінде көрген емеспін. Ашуланып балағат сөздермен айғайлайды. 

Оралхан ағамда қазір 5 қызы бар. Үйіне қонаққа барған сайын, риза болып кетемін. Мені өз қыздарынан кем көрмейді. Жеңгемде маған жақсы сөздермен көңілімді көтереді. Өздері жағдайы нашар болса да. Мен үшін олардан алатын үлгі көп. Оралхан аға жұмыстан шаршап келсе де қыздарына айғайлаған емес. Осы өмірде түсінгенім, өзімді бір қымбат алтынан қапталған түрмеде жүргендей сезінемін анамның қасында. 

Қаржылай жағдай мүлде керек емес демеймін. Бірақ бұл өмірде шынайы бақытты ақшаға сатып ала алмайды.

Соңғы уақыттарда Оралхан аға жиі жазып тұрады қал жағдайымды біліп. Демалыс күндерде менде қолдан келгенше ол үйге қонаққа барамын. Əлі күнге дейін пəтер жалдап тұрады. Бір өзі жұмыс істеп отбасының қамын ойлаумен. Маған соншалықты қымбат сыйлық сыйламасада. Оның көңіл бөлгені жəне жылы сөйлегені қымбат. Кейбір кезде армандаймын сол кісідей əкем болса ғой деп. 

Анам «өлгенің артық еді» деді, өліп қалсам ба?..
Қызының сезіміне түкірген қатал әке
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу