Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Менің кіттай қызым 8-ші класс оқиды жасы 13 жасында оған кеше бір ер адам жазған, содан қызым маған әкеліп көрсетті. Мен өзім айтып отырамын күнде, жеті қызым бар біреу жазса я біреу көшеде кетіп баратқанда "шоколад или мороженное беремін" деп алдап шақырса бармандар деп.
Біреу тиісіп жатса айқайлап шақыр или магазин болсын или бір мекеме болса кіріп кет деп. Сол айтайын дегенім жаңағы адамды мен кім екенің білгім келіп суретін сұрадым "жасың нешеде" деп. "Жасым 20-да, Аралдікімін" деді бірақ түрі 30-дан асқан еркекке ұқсайды, содан мен ұрсып тастадым и сразу мені блакировкаға тығып тастады.
Жалғыз менің қызыма емес, басқада қыздарға жазып жүрген шығар! Папамыз жоқ біздің, қайтқанына үш жыл болды сол қыздарымды қорғау үшін мен осыларды қадағалап отырам, телефон тексеріп отырамын и айтып отырамын біреу звандаса ,жазса маған сразу көрсетіңдер ,айтыңдар деп!
Бұл адам негізі танысайық ,атын, қаяқтікі екенің и жасын жазған мен ұрсқасын сразу мені блокқа салып тастады!
Сркиндеп үлгермедім бәрін өшіріп тастады!
PS: Құрметті оқырмандар!! Егер осылай кішкентай балаларыңызға
хат келсе сразу скрин жасаңыздар суретін ,жазбасын ! Сосын полицияға арыз жазыңыздар!! Дәлел ретінде жаңағы жазбасынЫң,суретін копиясын шығарып арыз қыстырыңыздар!!
Ләззат Акишеваға келген хаттардан