Төрт баласымен екінші рет күйеуге шыққан 45 жастағы әйел сырын айтты

Oinet.kz 26-11-2023 3438

Бірінші некесі сәтсіздікке ұшырағаннан кейін көптеген әйелдер қайтадан отбасын құруға қорқып қалады. Алайда тағдырдың жазуымен жүрегіңіз қалаған азаматты 40 жасыңызда жолықтырсаңыз не істейсіз? Төрт перзентінің бар екеніне қарамастан 45 жасында екінші рет күйеуге шыққан Жәмила Досқазы қыз-келіншектерге сырын айтты.

Screenshot_16.jpg

Жәмила мен Мұхит 45 жасында әлеуметтік желі арқылы танысыпты. Бұл уақытта Жәмиланың бірінші некесінен төрт баласы, ал Мұхиттың 17 және 19 жастағы екі қызы болған.

Кейіпкердің айтуынша, екінші некеге деген жауапкершілік, махаббат пен бақытқа ұмтылу бәрінен биік тұруы керек. Орта жасқа келген екеуінің шаңырақ көтеруіне алдымен балалары қарсы болған.

Мұхиттың үлкен қыздары Жәмилаға хабарласып, әкесін күнде жамандауды әдетке айналдырыпты.

Тіпті кейіпкердің жиырмаға жақындаған ұлы екінші әкесімен бір шаңырақ астында тұруға келіспей, бөлек кеткен.

Жәмиланың анасы да қызының екінші күйеуіне қарсы екенін жеткізіпті.

"Осының бәріне қарамастан, мен Мұхитты таңдағаныма қуаныштымын. Ер де, әйел де бәрінен шаршап, отбасылық жылуды аңсағанда бақыты үшін күресуі керек. Балалар қызғанады. Әкесінің немесе анасының жалғыз өзінікі болғанын қалайды. Бірақ ол үшін өз бақытыңнан бас тартуға бола ма? Мен кезінде күйеуім үшін әлемдегі ең жаман әйел болған шығармын. Бірақ қазір Мұхиттың көзімен қарағанда, менен артық әйел жоқ. Мұхит та өзінің алғашқы жұбайы үшін нашар күйеу, жаман әке болып көрінуі мүмкін. Бірақ, маған одан асқан қорғаушы жоқ", - деп ағынан жарылған Жәмилә Досқазы.

"Егер сіздің алдыңызда таңдау тұрса, ойланбастан махаббатты таңдаңыз. Балаларыңыз уақыт өте келе түсінеді. Әйелдер балаларым деп өмір сүреді. Бірақ, өміріңіздің соңында жалғыз қалу бақыт па? Жаныңа қолдау білдіретін адамның орнын жұмыс та, бала да, ата-ана да толтыра алмайды", - деп сөзін аяқтады кейіпкер.

NUR.KZ

Келіннің ата-енесіне төсек салуы дұрыс па? Қате ме?
22 жасында 3 рет тұрмысқа шыққан қыз сұмдық оқиғалармен бөлісті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу