Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Ауылдағы бір ағайын құдайы тамаққа шақырған. Жұрт жиналып болғанша үлкендер есік алдына арнайы қойылған орындықтарға жайғасып, өткен—кеткенді әңгіме қылдық. Дәл біздің қасымызда, құрылысқа деп төгіп тастаған құм үстінде 5—6 жасар екі бала ойнап отырды.
Екеуін де таныдым. Бірі—осы үйдің шаңыраққа ие болып қалған кенже ұлының баласы. Екіншісі —осы үйдің қалада тұратын ортаншы ұлының баласы. Қысқасы, ағайындылардың балалары. Байқаймын, бірі тек орысша, екіншісі тек қазақша сөйлеп отыр. Ауылдағының баласы орысша, қаладағының ұлы қазақша білмейді. Дегенмен біразға дейін түсінісіп ойнаған болды. Қасымда отырған үлкендердің де назары құмда ойнаған екі балаға ауа қалыпты. Бір кезде ауылдықтың шыдамы шырт сынды. Түсініксіз сөздерден шаршаған болуы керек, орнынан атып тұрып айқай салды.
—Қазақша сөйлеші ей, шешеңдіс..!
Және әр сөзін нығыздап, анықтап айтты. Отырғандар ду күлді. Мен күле алмадым.Еңіреп жылағым келді. Ағайынды екі ұлдың балалары екі тілде сөйлесе, бірін—бірі түсінбесе...
Бұдан өткен қасірет жоқ шығар! Ех...
Арман Сқабылұлы