Байғұс құрбымның күйеуін өлтіріп тастағым келеді

Oinet.kz 14-01-2023 3888

Ауылдық жерде тұрамын. Тұрмыстамын. 2-балам бар. Өзім емес, құрбым жайында айтайын дегенмін. Құрбым жастай 15- жасында тұрмысқа шыққан. Қазір жасы 24-те. Екі баласы бар. Үлкені 2-сыныпта оқиды. Айтайын дегенім құрбымның күйеуі «бабник» жүрген. Қыздармен сөйлеседі. Құрбым үйінде бәрін істейді. Ата –әжесіне қарайды. Мал қарайды,балалары бар.

Screenshot_25.jpg

Ал күйеуіне не жетпейді,түсінбеймін. Жақында тіпті телефонынан фото қарап отырып бір қыздың фотосын көрдік. Көп фото. Ватцап мессенджері арқылы келген. Содан ватцабын тексеріп қарасақ, жазысқан хаттарын көрсеңіз, сол жерде құрбымның күйеуін өлтіре салғым келді. Ол бәрін біледі. Қалай шыдайтынын білмеймін. Арада баламыз бар, кеткенде қайда барып сиямын баламен?- дейді құрбым мұңайып.

Уайымнан болар,өзі де қатты әбіржіп кеткен. Ерте тұрмысқа шығып,үйде отырып қалғасын шығар, қатарына қарағанда тым ересек көрінеді. Өмірдің өзі қатайтып жібергендей. Құрбымды әр көрген сайын солып бара жатқан гүлді көргендей боламын. Сіздер не айтасыздар?

Сырласу журналы

Анасын қарттар үйіне өткізген баланың тағдыры оңбады
Жігітімнің белсіз екенін тым кеш білдім
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу