Күйеуім толықтығымды бетіме басады

Oinet.kz 12-01-2023 3069

Менің тұрмыс құрғаныма үш жылдай болып калды. 19 жасымда тұрмысқа шыққам. Қызым бар. Кезінде жолдасым мені танымай жатып алып қашты. Бірақ бір-бірімізді бірден жақсы көріп кеттік. Бұл да бір құдайдың берген бір жақсы несібесі шығар деп ойлаймын.

Screenshot_4.jpg

Үйленген соң бірден көтеріп қалдым. Алғашқы жылы бәрі керемет болды. Енемнің мінезі өте ауыр. Ата-енеммен екі жылдай тұрдық. Бірақ той, ештеңе болмады. Қызымды босанғанда да күйеуім келмеді. Енем жалғыз өзі келді, таксимен шығарып алды. Мамам көріп жылап, “мынаусы несі, сен даладан тапқан жоқсың ғой”, деп қатты көңілі түсті, “мұндайын білгенде өзім шығарып алар едім” деп. Кесеровамен босандым. Операциядан соң қатты ауырдым. Үйге келгенде де жағдайым болмады, енем дым қарамады. Қысқасы, айта берсем, мұндай жырым көп.

Сол кезден бастап келген жерімнен қатты көңілім қалды. Қазір бөлек тұрамыз. Күйеуіммен бір ажырасып қосылдық. Ол шөп шегетін. Тіпті менің анамның үйінде де ұялмай шегіп, “білсе, біле берсін” деп жүре беретін. Одан кейін ашуланшақ болып қол көтеріп, қаңғып үйге қонбайтынды шығарды. Сөйтіп жүргенде мамам ажыратып алды. “Далада жатқан қызым жоқ” деп.

Одан кейін күйеуім кешірім сұрап жылап, өзі келіп жүрді. Қазір қосылдық. Бірақ әке-шешесі бір келмеді. Жолдасыма “енді келмей ме, бір кешірім сұрасын да” десем, “олар не үшін келеді, мен келдім, болды ғой дейді.

Соңғы кездері қайтадан ұрыс керіс басталды. Қазір менің одан әбден көңілім қалған секілді.

Кейде ажырасып кетсем бе екен деп ойлаймын. Екеуміз тіл табыса алмаймыз. Көп ұрсысамыз.

Негізі босанған соң, қатты толып кеттім. Қазір ұрсыссақ – соны бетіме басады.

Бұл менің қатты намысыма тиеді. Сөйтіп отырып тағы ту дейді. Ал мен одан сайын толып кетем ба, деп қорқамын. Қайын сіңілім де, енем де толық. Сөйтіп отырып “маған толықсың” дейді.

Салмағымды еш азайта алмай жүрмін. Дәрігерлер “горманалдық өзгеріс” дейді. Екінші балалы болғым да келеді. Бәлкім, сонда күйеуімнің сыйластығы арта мен деп ойлаймын. Бір жағынан одан сайын толып кетем ба деп қорқамын.

Ойым шашыраңқы болып отыр. Әлде күйеуімнен күдерімді үзіп, өз күнімді өзім көріп кетейін бе? Ақыл-кеңес беріңіздерші.

Алма, Талдықорған қаласы

Енем өз күйеуімді өзімнен қызғанады
Енем біздің жатын орнымызға таласып жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу