Тұрмысқа шықпаған бай кәрі қыздың құпиясы елді таң қалдырды

Oinet.kz 21-01-2022 8239

Мен қазір көп айтыла беретін кәрі қыздардың бірімін. Жасым 33-тен асты. Жеңгелерім «қашан тұрмысқа шығасың» деп жиі сұрайды. Анам да «уақытымның келгенін айтып», «сен қыз өйстіп жүре бересің бе» деп жиі айтады. 

Screenshot_2.jpg

Бірақ шынымды айтайын менің тұрмысқа шыққым келмейді. Рас, жас кезімде «осы мен тұрмысқа шықпай қалам ау» деп мүлдем ойламаппын. Бірақ «осы жігітке тұрмысқа шыға қояйыншы» деп те ойлағам жоқ. Мүлдем қамсыз жүрдім. Бірақ жігіттер тұрмысқа шығу туралы ұсыныс айтса кейін шегере беретінмін, тіпті тықақтап бара жатқандарымен арақатынасты күрт үзетінмін. Айналамда жігіттер де көп болды. Бірақ біршама уақыт жүріп келіп, үй болып, отбасын құруға келгенде кежегем кейін тарта беретін. Жеңгелерім «қазір ештеңе емес, кейін жалғыз қалғанда түсінесің» дейді.

Бірақ дәл қазір бойдақтығыма өкініп жүргенім жоқ. Құрылыс компаниясында бухгалтермін. Тапқаным өзіме жетіп артылады. Еркін жүріп тұруыма, жылына бір рет шетелде демалуға да жетеді. Жұмыс істеп жүрген компаниям арқылы ақша жинап жүріп, жеңілдетілген бағада үйлі де болғанмын. Көлігім де бар астымда. Ауысқан ақшамды дипозитке салып, бауырларыма да қарайласып тұрамын. Бірақ бұл материалдық жағдайым ойымдағыдай болған соң тұрмысқа шыққым келмейді деген сөз емес. Бұлардың бірі болмаған кезде де «үйленейік» деген жігіттерден ат тонымды ала қашатынмын.

Құрбыларым «әлі ғашық болмағансың ғой» дейді күліп. Ғашық та болып көргем. Бірақ жеме жемге келгенде үйленіп, шаңырақ көтеріп бірге тұрудан гөрі, бөлек тұрудың дұрыс екеніне көзім жетті. Өйткені арақатынастың жақындауы сезімдерді әлсіретіп жібереді екен. Екі жылдай жүріп, тұрмыс құрудан бас тартқаныма сонша ашуланған, соңында басқаны тауып кеткен жігітім үйленген соң екі айдан кейін өзімді тапты. Қазір де келіншігінің себепсіз майда-шүйде нәрселерге араласа беретінін, отбасылық кикілжіңдерден шаршағанын жиі айтады. Жасырып қайтем қазір де кездесіп тұрамыз. Бірақ оның алдында менің де міндеттемелерім жоқ, менің де оған қояр талабым жоқ. Көңілім қалаған күні дәмді тамақтарымды пісіріп қоям. Өзім үстінен көргім келетін киімдерімді де сатып алып қоямын. Бірақ одан артық қарым қатынасты қаламаймын. Жақында жұмыста бір апай «дәл сендей келін керек, мәселесі жоқтай үнемі жайнап жүретін» деп қоярда қоймай інісін жұмыстан кейін шақыртып жүріп таныстырған. Әп-әдемі жігіт екен. Қызметі де бар, жаман әдеттерге әуестігі жоқ. Таныса сала тұрмысқа шығуға ұсыныс тастады. Тағы да бас тарттым. Жұрттар мен жігіт жоқ болғандықтан тұрмысқа шықпай жүр деп ойлайды. Ал шын мәнінде өзімнің тұрмысқа шыққым келмейді.

Кейде құрбыларымның менің осы өміріме қызығатынын да байқаймын. Жақында 7 жыл жүріп, бір күн көрмесе тұра алмай жүріп шаңырақ көтерген құрбым, екі кештің арасында қоңырау шалып, «үйіңе барайын» деді. Даусына қарап, үй ішінде бірдеңе болғанын біле қойдым. Үш баласының екеуін енесінде қалдырып, құндақтаулысын ала келіпті. Ішіп келіп, күйеуі ұратын көрінеді. Бір апта үйде болғанда ұққаным, бір кездері жайнап жүретін, рухы биік құрбымнан ештеңе қалмаған. Бір кездері косметиканы таңдап жүріп, жағатын құрбым бүгінде тіпті боянбайды да. Табалағаным емес, тек отбасылық күйбеңнің құрбымды жұтып қойғанына жабырқадым.

Бір ғана ол емес келесі құрбым енесінің айқайына «жұтылып кеткен». Бір кездері күлімдеп қана жүретін құрбым «енемнің өз баласынан жоғары табатыным бәле болды. Азаннан кешке дейін мені мұрнын шүйіріп кетеді дей ме, таптайды да отырады, отырсам опақ тұрсам сопақ, қазір тілім шыққан. Өз баласын хан көтеріп, мені күң етуге тырысқан әрекеті шаршатты. Тілім шыққан соң жүйкес де шаршаған. Түнгі ұйқым тыныш емес» дейді. Қашан көрсең шаршаңқы жүреді. Тағы бір құрбымның барған жері күйлі еді. Бірақ «екі күннің бірінде үйіне қонбай, достарымен биллярдта, балықта жүретін күйеуімнен шаршадым дейді. Тіпті қыздармен жазысқан смс-ін тауып алсам да бет бақтырмайды. Ажырасып кетейін десем балаларыма обал» дейді. Қараптан қарап олардың проблемаларын тыңдап отырып мен шаршап кетемін. Шынымды айтсам, еңірегенде етектері толып, ажырасып кетуге төркіндерінен ұялып, ажыраспай өздерін құрбан етіп, бүгінде әдемілігінен дым қалмаған, отбасын құрам деп денасулықтарынан да айрылған құрбыларымды көргенде бойдақтығыма қуанам. Бір бірін шаршататын болса адамдар неге шаңырақ көтереді, бір бірінің жүйкесін жұқартқанша бойдақ-ақ жүре бермей ме деп ойлаймын.

Бірақ «жігіт бар ма, қашан тұрмысқа шығасың» деп сұраушылардан шаршадым. Дүниенің бәрі тұрмысқа шығуда тұрғандай. Бірақ ашықтан ашық тұрмысқа шыққым келмейді деп айтуға да ыңғайсызданам. Тек шын мәнінде тұрмысқа шыққым келмейді.

Марал, Алматы 

Alashainasy.kz 

Намазхан жігітке тоқал болған келіншек адам шошырлық жайттарды айтты
Болашақ келінімді мүлде ұнатпаймын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу