Келінім көшенің гүлі

Oinet.kz 09-11-2022 2162

"Көргені жоқтың қасында, ақыл сөзің зая шын. Білгені аздың қасында, ақылды əсте бала шын" дегенді бабаларымыз бос айтпаған сияқты. Күйіп кеттім. Кеше алты жыл бойы үйге бармай інімнің үйіне барған едім. Дарбазасынан келіннің бажылдап, ініме ұрысқанын естіп үйге де кірмедім.

Screenshot_8.jpg

Інім туғаннан мүгедек.  Бірақ, бар тірлікті өзі жасайды. Аздап нағашыларымыздан дарыған ұсталығы бар. Сол ұсталықпен көз майын тауысып тапқан дүниесін келініміз бет бояуға құртады. Келініміз көшенің гүлі. Көше үшін жаралған десе, артық айтқаным емес. Қыдырып жүріп, қарын тойғызады. Інімді адам санамайды. Інімнің арқасында өмір сүріп жүріп, "масыл" деп тілдейді. Үйіне барсаң дұрыстап дастархан жайып, шәй беруді білмейді. Бірақ, інімнің бар тапқанын үстіне іліп алып, сыртта әдемі болып жүрсе болды.

Үйін үшінші  сыныпты біткерген  қызы жинаған болады. Сол қызы кішкене есі кіріп,б ой түзеп әкесіне  қарап жағдайын жасамаса, бірдеңе деу қиын. Інім тым момын. Қолынан бәрі келеді. Бар білгені ішінде. Сыртқа сыр шашпайды. Үйіне барған сайын көз жасыма тұншығып ораламын. Бірдеңе деуге қайын апам келіп тиісіп кетті деп елге жаяды. Анам да көзі тірісінде, "келіндерге үндеме, шыққан қыз шиден тысқары, сенің өз  үйің бар,араласпа" деп ақылын айтып отырушы еді. Көріп отырып көрмеген болудан, біліп жүріп білмеген болудан шаршадым. Анандай тірліктерін көріп шыдамай бірдеңе деп қоярмын деп алты жылдан бері есігін ашпап едім. Тағы сол... айқай. Кірместен кері бұрылып кеттім. Көз жасыма тұншығып іштей өксіп жол бойы  жылап келдім. Әттең-ай! Бір кем дүние! Біреуге бар, біреуге зар дүние-ай... 

Зарина

Сырласу журналы

Қызым неге ажырасып келгенін айтпай, ішінен тынып жүрген екен
Қызымды қайын әпкемнен қызғанатын болдым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу