Әкеме деген ренішім сол күйі басылмай қойды

Oinet.kz 20-02-2022 3375

Мен ол кезде 2-ші сынып оқушысымын. Әкемнің мойнынан түспейтінмін, оған қатты еркелейтінмін. Бірақ әкем жұмыстан үйге кеш келетін, кейде тіпті келмей қалатын кездері де болады. Уақыт өте келе үйге қонбауы жиілеп кетті. Әкем үйге келмей қалған күндері анам үндемей жатып қалатын.

Screenshot_4.jpg

Бір күні есікті ашып қалсақ есіктің екі бұрышында тұз себіліп тұр, пішіні тау сияқты үшбұрыш. Сол күннен бастап сол есіктің алдынан ине, әртүрлі заттар табатын болдық. Анам мән бермей сыпырып тастайды, ойда ештеңе жоқ. Осы жағдайлардан кейін әкем үйге келмейтінді шығарды. Анам ол кезде үшінші сәбиіне екікабат еді.

Сөйтсек әкем басқа әйелдің қолына кіріп алған, ол да жүкті екен. Сонымен әкем 3 баласын тастап, еш ойланбастан кетіп қалды қайдағы жоқ бір әйелге. Біз ол кезде ештеңе түсінбейтін баламыз. Анам жұмыста болған кезде әкем үйге келіп бізге қазір келемін деп қолымызғы тиын ұстатып, киімдерін күніне 1 пакеттен алып кететін. Солай кетті де қалды. Анам босанғанша, босанып келгеннен кейін де бізді асырау үшін таңертеңнен кешке дейін жұмыс істеді.

Бір күні сабаққа киімдер алу үшін анам үшеумізді шұбыртып базарға апарды. Сол кезде әкемізді көрдік. Ол жас тоқалымен құшақтасып, балмұздақ жеп мәз болып кетіп бара жатыр. Бізді көрді де бұрылып кетіп қалды.

Кейде анам бізге ұрсып жатқанда көрші апа: "ұрыспа, сенің балаларыңа құдай қарасты" дейтін.

Біз кішкентай болсақ та апкем екеуміз жаңа туылған сіңілімізге қарап, сабаққа кетсек сыртынан кілттеп кетеміз. Келсек бақырып жылап жатады. Міне сол жылауық қыз қазір 10 оқиды. Осы уақытқа дейін әкеміз бір рет хабарласып, іздеп те келмеді. Сондай тас жүрек әке болар ма еді 3 қызын тастайтын?! Қазір жыным келетіні соншалық, тегімді өзгерткім келеді, әкемнің атын атағым да келмейді. Әкем 9 ағайынды, біз қиналғанда ешқайсысы жағдайымызды да сұрауға жарамады. Тек қана әкемнің туған ағасымен араласамыз.

Қазір шүкір, жағдайымыз жақсы, қалаған оқуымызды бітірдік. Әпкем ұзатылды. Бір жыным келетіні, әкемнің бізбен хабарласуға да жарамағаны. Анам кейде есіктің алдынан тапқан заттарды есіне түсіріп әкелеріңді дуалап алған шығар дейді. Ол да мүмкін бе?

Сәуле, Алматы облысы

Аlashainasy.kz

Ғашық болып тиемін деп, күйеуімнің байлығын сұрап алмағаныма өкінемін
Ол мені бала-шағаммен бірге 18 жасар желөкпеге айырбастап кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу