Күйеуімнің бетіне түкірдім

Oinet.kz 16-02-2022 7637

Мен 25 жасымда тұрмысқа шықтым, ол менен 5 жас үлкен болатын. Бір-бірімізді сүйіп қосылдық. Үш жылдан кейін, яғни, 28 жасымда жүкті болдым, ал 7 айдан кейін күйеуімнің менен жеті жас кіші сүйіктісі бар екенін білдім. Ол өз ісімен, бизнесімен және әр түрлі сылтауларымен үйге қонбауды әдетке айналдырды. Некемізді сақтау үшін мен ештеңе білмейтіндей сыңай таныттым. Өйткені шағымданатын, жылайтын ешкімім жоқ еді, балалар үйінде өстім.

Screenshot_9.jpg

Жаңа туған қызым мазасыз болды, түні бойы жылайтын, ол ұйықтай алмайтынын сылтауратып (бізде бір бөлмелі пәтер болатын), ағасына кетіп қалатын. Жә, оған да төздім. Бірақ мен көнген сайын ол тіпті басынып алды: екінің бірінде маған "ақылсыз, қорқынышты, толықсың" деп (босанғаннан кейін 10 келі салмақ қосыппын), менің жетімдігімді бетіме басатын болды.

Біртіндеп маған қол көтере бастады, оған да үндемедім, қайта бізді көшеге шығармауын өтініп, тізерлеп жылайтынмын. Күйзелістен сүтім таратылып қалды, бірақ ол балаға сүт алмақ түгілі, үйге азық-түлік алуға ақша бермей қойды. Өзі де үйден тамақ ішпейтін, кейде үйге ұйықтап, жуынып, киім ауыстыру үшін ғана келетін болды.

...Бес ай дегенде бір күні ол үйге сүйіктісін алып кіріп келді де, маған заттарымды жинап кетуге жарты-ақ сағат берді (пәтер соның атында еді).

Сонымен, қақаған аязда, екі кештің ортасында бес айлық сәбиімді құшақтап, үйден шыға жөнелдім. Дала тастай қараңғы, қар жауып тұр... Ал менің үстімде жұп-жұқа киім мен күзгі етік, бір қолымда қызым, екіншісінде сөмке, қайда барарымды білмей, бетім ауған жаққа қарай жүре бердім әйтеуір. Бірақ жылайын десем, жылай алмадым. Баратын жерім болмаған соң, сол түні бір кездері өзім істеген ауруханада түнеп шықтым.

Таң атысымен ломбардқа бардым да, алтындарымды қойып, азын-аулақ ақша алдым. Сол күні бір орыс кемпірдің шағын ғана бөлмесін жалға алдым. Мария Сергеевна, үйдің қожайыны, менің әңгімемді естіген соң балама көмектесетінін айтты, өзінің ұлы қайтыс болған екен.

Жұмыс табу қиын болды, жоғары білімім жоқ, оқуымды бітірмеп те едім. Ол аз болса, «күйеуім» маған көліктің несиесі маған төлететінін айтты. (Несие менің атымда, ал машина «күйеуіме» берілген)... Егер мен баланы қолдауға жүгінсем, сот мені ата-аналық құқығымнан айырады, өйткені менде баспана да, тұрақты табыс та жоқ.

Содан балық дүкенінде тазалаушы болып жұмысқа тұрдым, кешке кафеде ыдыс жуамын. Түнде шұлықтар тоқып, оларды базарға саттым, суықта болон куртка мен күзгі етікте тұрдым. Кешке базардағы шіріген көкөністер мен жемістерді сұрыптап, шіріктерін кесіп тастап, үйге алып келетінмін.

Сонда қымбат көлікте отырған әйелдерге қызыға қарайтынмын, "қыстық киімдері бар, қарындары тоқ, неткен бақытты!" деп.

Марья Сергеевнаға қызыммен отырғаны үшін көп рахмет. Мен түнгі бірде үйге келетінмін, қызымның заттарын жуып барып жататынмын. Ал таңғы 4-30-да жұмысқа бару үшін тұратынмын.

Не тойып тамақ та іше алмадым, жиі ауырып, үнемі мең-зең болып жүретінмін. Көзім нашарлап, 18 келі жоғалттым. Қолдарым дірілдеп тұрды, бет әлпетім көк түсті еді. Күшім болмады, бірақ мен баламды балалар үйіне апарғанын қаламадым, оның не екенін мен жақсы білемін.

Мен пәтерлерді тазаладым, кіреберістерді жудым, осылайша 4 жылдай өмірім өтті.

Мен басымнан өткерген қасіреттің бәрін толық сипаттамаймын. Қорлау, азап, аштық, көз жасы, автомобильге несие беру - осының бәрін денсаулығыммен, көз жасыммен төледім.

Өмір тез өзгере бастады. Құдай маған бір әйелді жіберді - мен тазартқан элиталы пәтердің қожайыны маған аяушылықпен қарап, өзінің хатшысы болып жұмыс істеуді ұсынды.

Ол маған киіміме аванс берді, қызымды балабақшаға орналастыруға көмектесті. Бәрі жақсара бастады.

Мен компьютерлік курсқа түстім, колледжді заңгер мамандығы бойынша бітірдім. Екі жылдан кейін мені жоғарылатып, менеджер болдым, содан кейін ірі компанияда коммерциялық директор болдым, үлкен жалақыммен 3 бөлмелі пәтерді ипотекаға тіркедім, машина сатып алдым, үйді евро жөндеуден өткіздім, жақында қызыммен Италияда, Францияда демалдым.

Менің қызым жеке мектепке барады, ештеңеге мұқтаж емес. Марья Сергеевнаны әжедеп атайды, біз оған көмектесіп, қонаққа барамыз.

Міне, тағдыр! Мен саяжай сатып алғым келіп жарнама қарап отырғанмын - моншасы бар саяжай сатылады екен. Пәтер иесі әйелмен телефон арқылы хабарласқанымда, саяжайды тез арада сататынын айтты, өйткені үлкен қарыздар мен кейбір мәселелерге байланысты шұғыл ақша қажет екен. Мен саяжайға құрбым және қызым үшеуміз бардық. Үйден кім шықты деп ойлайсыз?! Менің бұрынғы күйеуім мен баяғы сүйіктісі!

Күтпеген кездесуден мен де, олар да состиып тұрып қалдық...

Мен оларға қарап тұрып, өткен жылдарымды көз алдымнан өткеріп жаттым... сол қыстың кеші, аздап қар жауып, шамдар жанған кез... мен жұқа киіммен, бес айлық баламмен...және қалтамда тиын-тебен..қайда барарымды білмей дал болып тұрмын...

Ал қазір мен қымбат көліктің жанында, қымбат тонмен, әдемі, сымбатты кейпімде тұрмын. Ал ол шашы жоқ, таз, шартиған кейпімен кемі 100 келі болатын семіз әйелімен...

Осылай он минуттай үнсіздікте тұрдық... Сіз менің не істегенімді білесіз бе? Мен оның қасына барып, оның бетіне түкірдім, жылдар бойы жиналған барлық ашу-ызамды төктім. Ол тіпті қозғалмады да...

Жолда көзімнен жас парлап келе жатты: қайта-қайта Аллаға сансыз шүкірлігім мен рахметімді жаудыруда болдым! Ешқашан үмітсіздікке салынбаңыз, ешқашан, мені естисіз бе? Ешқашан! Өмір өзгереді және сізде бәрі де болады! Білім алыңыз, жұмыс жасап, жақсылыққа ұмтылыңыз! Қайталаймын: ешқашан берілмеңіз және өзіңізді қорлауға жол бермеңіз.

Фб-дан алынды

Үйленбеген азамат ажырасып келген менің қолымды сұрап жүр
Жеңгем «асылып өлем» дейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу