«Күйеуіңе неге ие болмайсың» дейді

Oinet.kz 14-10-2022 3202

Үйде алаңсыз отыр едім, құрбымның күйеуі телефон шалды. Алсам, ашулы. “Мақсат бар ма? Шақыр” дейді. Мен “ол жоқ” дедім. Сөйтсем, “Күйеуіңе неге ие болмайсың? Тездетіп жет” деп зіркілдейді.

Screenshot_13.jpg

Шошығанымнан ішіп отырған шайымды тастай сала, екі аттап жеттім. Барсам, құрбым жылап отыр, күйеуі түтігіп кеткен. Қолында менің күйеуімнің шалбары. Түкке түсінбей абдырап тұрып қалдым. Ол “міне, сенің Мақсатыңның істеп жүргенін қара” деп, маған шалбарды көрсетті. Шалбарға қарап, күлкіден өлдім. “Мына қатын жынды болып қалыпты. Неменеңе жетісіп мəз боласың?” деп одан əрі ашуланды.

Күйеуім кеше Өскеменге жол жүріп кеткен. Шығатын кезде шалбарына қарасам май-май болып кетіпті. Алдында көлігін шұқылаған ғой. Сосын мен шешіп алып жуғанмын да, балконға симағандарын осы құрбымның үйіне жайғанмын. Жаңбыр жауып, кеппей қалған соң, сол шалбар жаюлы қалып қойды. Оны түнде құрбым үйге кіргізіпті. Таңертең күйеуі өзінікі екен деп киіп жатса құрбым “киме, ол Мақсаттыкі ” деген ғой. Сөйтіп, таяқ жепті.

Осылай деп түсіндіргеннен кейін ғана бетіне қан жүгірген құрдасым өзі сасқалақтап не айтарын білмей, аузына темекісін қыстырып, далаға шығып кетті. Ал мен əбден күліп алдым.

Еркектер неге таяз ойлайды екен? Əйелінің сөзіне сенбей мені шақырыпты. Екі ортада біреулер ажырасып тына жаздады.

365info.kz

Сүйген жігітім қайнағам болып шықты...
Келін боп түскен отбасымның екіжүзді, нашар адамдар екенін бүкіл ел біледі...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу