Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Мен осыдан 5 жыл бұрын тұрмыс құрдым. Өзім ұнатып, қалаған жігітіммен отбасын құрдық. Ол да мені сыйлайды, мен де оны қатты жақсы көремін.
Ата-енем де жақсы адамдар болып шықты. Мені өз қыздарындай көрді. Мен өте бақытты едім. Бірақ жаратқан маған нәресте бұйыртпады. 5 жыл біреуге аз, біреуге көп көрінер. Мен үшін осы 5 жыл бүкіл ғұмырымдай болды. Осы жылдардың ішінде Алладан бала тілеп жыламаған кезім жоқ. Менің бала көтере алмай жүргенімді ата-енем бетіме басқан емес. Жолдасым да осы уақытқа дейін бала туралы әңгіме қозғай бермейтін.
Енді міне соңғы кездері күйеуім өзінің басқа әйелмен неке қидырғысы келетінін айтты. Ол әйел өзінен 7 жас үлкен екен. Бірақ ол менімен де ажырасқысы келмейді. Бірақ әлгі қыздан бала сүйгісі келеді екен. Мұны естігенде қатты қиналып кеттім. Қазір күндіз-түні көзім жастан құрғамайды. Оны қанша түсінгім келсе де түсіне алар емеспін.
Күйеуіме басқа қызбен некелесетін болсаң, ажырасайық деп те айттым. Бірақ ол келіспеді. Іштей өзім де күйеуімді қимаймын. Ол екі әйелмен де бірге тұра бермекші. Мен мұндайға көндіге алмайтын сияқтымын. Күйеуімді басқа адаммен қалай бөлісем. Оның үстіне басқа әйел оған бала туып берсе, менің керегім де болмай қалады ғой.
Маған қандай кеңес айтасыздар. Күйеуімнің дегеніне көніп жүре бергенім дұрыс па? Әлде өз жөніммен кетейін бе? Бұл жағдайды өз ата-анама да, ата-енеме де қалай айтарымды білмей жүрмін. Неде болса бір шешімге келуім керек.
Айсара, Алматы