Күйеуімнің көңілдесі жүкті

Oinet.kz 10-10-2022 1623

Тұрмыс құрғаныма 15 жыл болды. Қазіргі уақытта екі баланың анасымын. Жақында күйеуімнің көзіме шөп салғанын біліп қойдым. Жобалауым бойынша сырттай жүріс қылғанына кем дегенде бір жыл болған. Нақсүйерінің аяғы ауыр, қателеспесем, ол менен 10 жасқа кіші әрі бұл – оның алғашқы жүктілігі. Босануға да айы-күні жетіп отыр.

Screenshot_7.jpg

Күйеуім алдағаны үшін кешірім сұрады, тіпті отбасынан кететін еш ойының жоқтығын айтады. Ал мен әрі қарай қалай өмір сүрерімді білмеймін. Балаларым үшін шаңырағымды шайқалтпағаным дұрыс па, әлде екі жаққа кеткеніміз жөн бе? Бала өмірге келген соң күйеуімнің екі жанұя арасында жүретінін де сеземін (ол мұны жоққа шығармайды). Шынымды айтсам, арамыздағы махаббат сезімінің суығанына да біраз болды.

Жұбайымның жасы 39-да. Ол басшылық қызмет атқарады. Жаман әдеттері жоқ, білімді, өзіне сенімді әрі намысшыл. Ер азаматыма қарағанда мен қарапайым әрі жұмсақ мінездімін. Қызығушылықтарым да жоқ. «Жұмыс-үй-жұмыс» деп жүрген жандардың бірімін әрі әрқашан балаларыммен байланыста отырамын.

Мен күйеуімді еш қызықтырмайтындай сезінемін. Ол маған мүлдем суып кеткендей. Оған қалай жылулық сыйлап, жақындарымды да білмеймін. Бұрын «Үйдегі жайлылықты жасап отырсам, отбасымды сақтап қаламын» деп ойлайтынмын, бірақ күйеуім оған мүлдем басқа нәрсе маңызды екендігін мойындады.

Күйеуім мен оның көңілдесі бір мекемеде бірге жұмыс істейді. Олар – бірдей деңгейдегі басшылар. Шағын қалада тұрып жатқандықтан мұнда барлығы бір-бірін таниды. Бәріміз дерлік бір емханаға, бір мектепке және бір дүкенге барамыз.

Жолдасымның жүзінде өкініш сезімінің ізі де жоқ. Тіпті менімен жақындасу үшін де тырыспаған еді. Осы сұрақты қайта-қайта қойғанымда, сұрағаным үшін айыпты етті. Енді не істеуім керек?

Мәрия, 39 жаста

«Оны бай алмайды» дегенін естіп құлазып жүрмін
Ажырасам деп балаларымнан айрылдым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу