Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Жасым 20- да,тұрмыс құрғаныма бір жылдан асты. Аллаға шүкір ұлым бар. Ата –енеден бөлек тұрамыз. Келіспеушілік күйеуіммен арамызда. Жолдасым қатты өзгерген, сол қинайды. Ашуланшақ, айқайшы, өтірік айтатыны бар. Квартирадан квартираға қаңғып жүрген жайымыз бар.
Тіпті кешегі суықта 3-4- күн далада қалдық, квартира таппай. Өте үлкен сомада қарызбыз. Оны да менен жасырыпты. Мұны тұрмысқа шыққаныма үш ай болғанда білдім. Екеуміз жас болғасын көп ренжістік. Одан қалды арамызға түсуші көп болды. Аяғым ауыр жұмыс жасаймын. Шаршаймын,үйдің бар тірлігі тағы бар. Не киімді,не жерік асымды алып бермей қиналып жүрдім. Жерік кезімде,күтінуді,дем алуды білмедім. Соның бәрі балаға кері әсерін тигізіп,жүрегінде тесік ақаулығымен туылды. Өзім соған қиналып жүрсем,енем келіп:
”Бізде тудық 7- і бала. Біреуінде ақау жоқ. Баламның да, басқаларының да дені сап –сау. Экология сол экология, онда тұрған ештеңе жоқ. Мұныкын білмеймін қайдан тапқан ауру екенін ”- деп ұрысып тастады.
Жүрегімді одан әрі ауыртты. Аман –есен босандым ғой деп,аяқ қолымды бауырыма алып енді ес жия бастасам, ішпейтін күйеуім ішетінді шығарды.
Баланы тексертуге, қаратуға бармайтын болды. Үйдің проблемасын мүлде ойламайды. Үй де, бала да тек маған керек. Күйіп –пісіп мен жүрем. Жолдасым тек қарыз деп, қарыз берген тәтесінің көңілін аулап тек сол деп жүгіреді. Ойының бәрі ақша,сосын сол ақша берген тәтесі. Жылап та айттым. Күліп те айттым. Бізге де көңіл бөлші деп. Оған ештеңе әсер етпейді,тыңдамайды. Жақында бүйрегім приступ беріп, балаға қарасуға анамды шақырайын,емделейін десем,ештеңе етпейді дейді. Анама «қызың сәл ауырып еді, больницаға жүгіріп барайын деп отыр ғой» дейді. Анализ тапсырсам бауырың да ауырады деп берді. Бұл да оған ештеңе емес болып тұр ғой. Балам жылауық,тексертсем басында киста, черепной давление дейді. Ал күйеуім болса кеште келеді жұмыстан ішеді,жейді жата қалады. «Ақша қайда, қарыз не болып жатыр ешнәрсеге араластырмайды. Айтсайшы не болып жатыр?»- деп сұрасам, «қойшы, сосын айтамын» дейді. Бар айтатыны сол. Бүгін тағы ұрсып қалдық. Тест көрейінші күдіктеніп жүрмін десем, қойшы сен бәрі – бір қазір көтермейсің, ақшаны бекерге шашпашы дейді. Ақшаның исінде сезбеймін. Әкелгенін жеп отыра беретін болдық. Тағы айқай шығармаса болды деп.
Не өмір мынау? Үйге кетейін десем,әкем қатал кіргізбейді. Айтар адамым жоқ.Құрбыға айтсам күлкі боламын. Анама айтсам жүрегін ауыртам. Енді тіпті не істерімді де білмеймін. Рақмет оқығандарыңызға. Сыртқа шығарып жеңілдеп қалғым келді. Ұрыспаңдаршы.