Бала кезден бірге өскен құрбыма ғашықпын

Oinet.kz 25-08-2022 3299

Соңғы жылдары басымнан өтіп жатқан нəрселерге басым қатып кетті. Бала кезде көрші бір балаға ғашық болып артынан қалмай жүрдім. Көп күн солай жүрдім ұмыта алмай күнде жылап, бірақ ол балалық махаббат болғасын ба тез ұмтылып кетті.

Screenshot_11.jpg

Одан кейін тіпті айтуға да ұят, мен қызға ғашық болып қалдым, тіпті өзім де түсінбей қалдым. Мүмкін емес бұл, мен сондай болғаным ба, қалайша, деп. Бірақ шынымен ғашық болдым. Күнде ойлап кәдімгі балаға ғашық болғандай оны іздеп, іштей тынып ешкімге айтпай қатты қиналып кеттім, күнде Аллаға жалбарынып неге мен оны, қызды ұнатып қалдым, ұмыттыршы деп жалбарынып өтті күндерім.

Мен бұрын ондай қыз-қызға ғашық болады деген ойыма да кіріп шықпайтын. Ондайды түсінбейтінмін. Бірақ менің басыма түсті сол, оны ұмыту үшін жігіттермен де жүрдім. Бірақ жүрегім қаламады еш біреуін. Содан кейін бұл да уақыт өте ұмытылды Құдайға шүкір. Бірақ қазір одан да қиын жағдайда жүрмін, өзімнің бала кезден бірге өскен дос қызыма ғашықпын. Мен бұрын оны тек дос ретінде көретін едім, соңғы жылдары басқаша болып кетті. Оны бəрінен қызғанып тек ойлайтыным сол. Күні-түні. Қатты қиналып кетем кейде, мені жазғырмаңдаршы мен оны өзім қалап ғашық болғаным жоқ, неге менің басыма осындайды жазды екен? Неге мен сондай болдым, менде басқа қыздар секілді бір жігітті ұнатып соған тұрмысқа шығып бақытты болғым келеді, бірақ жүрегің басқаны қалап тұрса жаман екен. Іштен тынып жүрмін. Тек ешкімге айтпай, оны күнде көрем. Одан сайын қиын, кейде ол жігіт жайлы əңгіме айтқанда қатты қиналып кетем, бірақ ештеңе білдірмеймін, өзім жігітпен де жүріп көрдім еш сезім жоқ, бəрі ойым басқада болып тұрғасын тастап кеттім. Маған кеңестеріңді беріңші. Не істесем болады? Қалай ұмытамын? 3 жыл болды осылай жүргеніме. (Менің мінезім бала сияқты емес. Еркектер құсап киінбеймін) өтінем жаман сөздер айтып жазғырмаңдаршы, өзім де өзгергім келеді. Бұлай жүрген өзіме де ұнамайды. Адам сондай болайын деп болмайды, басыңа түскесін көнесің екен, менің басыма осындай түседі деп тіпті ойламаппын. Көп болса ренжімеңіздер, ақыл кеңестерің керек? Жаман сөз жазбаңдаршы.

Күйеуім екі баласын тастап, өзгеге кете барды
Бір қыздың кесірінен айрандай ұйып отырған отбасымнан айырылып қалайын дедім
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу