Жеңгем өз үйіме сыйдырмай жүр

Oinet.kz 07-07-2022 1815

Өзім үйдің кенжесімін. Алдымда екі үлкен ағам бар. Отбасымыздың тұңғышы өткен жылы жазда отбасын құрған еді. Елдегі соңғы жағдайлардың салдарынан дүбірлі той жасамай, тек ет жақындардың арасында құдалық жасаған едік. Сол шешіміміз үшін құдалардан да жеңгемнен де естімегенді естідік.

Screenshot_1.jpg

“Жағдайларың бар, неге жұрт қатарлы тойханада той жасамадыңдар? Айыппұлға ақша құртқыларың келмеді ме?”, “Әкелген киттеріңнің түрі құрысын”, “Шық бермес шығайбай екенсіңдер”, “Оқыған қызымызды тегін бердік” деп ренжіген еді.

Өзіміз шіріген бай болмасақ та ата-анамның жиған-тергені бар еді. Үлкен той жасамай, жас жұбайларды шетелге жібермекші болған. Алайда ол да жаһандағы жағдай түзелгенше кейінге қалдырылған. Жеңгем оған да шыдамай үйде жиі жанжал шығаратын болды.

Біз естіп қояды деп мүлде қорықпайды. Ағамның жағасынан ала жаздайды. Екеуінің бөлмелерінен үнемі жеңгемнің ащы даусы естіліп тұрады. Әдеттегідей әлденеге ренжіп, ашуланады. “Ақ көйлек кимедім”, “Адам ұқсап той жасамадық”, “Сенен де, сенің отбасыңнан да шаршадым” дегенін естіп қаламыз.

О баста жеңгеме туған әпкемдей қарауға тырыстым. Онымен бірге үй шаруасын бөлісіп істейтін болдым. Уақыт өте келе ол шаруалардың бәрі менің мойныма түсті. Мен оқудан келгенше жеңгем құр жататын болған. Ал кешке тамақты да маған жасататын болды. Арадағы сыйластыққа дақ түсіргім келмей бәрін істеп жүрдім. Алайда сабағым жайына қалғанын байқап, оқуыма ден қоятын болдым. Бұл жеңгеме тіпті, ұнамаған сыңайлы. Сол сәттен бастап мен ол үшін “жатып ішер” адам атандым. Ағама бірнеше рет бөлек шықсын деп айтып жатқанын естіп қалдым. Өз ұямнан жеңгем үшін кетуім керек пе? Кейде расымен құрбыларыммен бөлек пәтер жалдап тұрғым келеді. Үйдегі жанжалдан шаршадым. Не істесем болады?

syrlasu.kz

Жеңгем анама қол көтерді
Жатсам да, тұрсам да күйеуімді емес, інісін ойлаймын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу