Күйеуімді анасы сияқты бағудан шаршадым

Oinet.kz 06-08-2022

Күйеуге шыққаныма жеті жыл. Күйеу мені бағып жатқан жоқ. Мен оны бағып жатырмын. Ауылда жұмыс жоқ деп, аузын құр шөппен сүртеді. Көрші-қолаңның бітпей жатқан жұмыстарын бір жартыға жасайды.

Screenshot_1.jpg

Анасы сияқты бағудан жалықтым. Үйде иіліп жерден шыбық алмай, көршінің есігінің алдын жылан жалағандай етіп тазалайды. Есік алдындағы шөптің өзін ормайды. Құр сөйлетеді. Адам деп, əңгіме айтсаң, мені мазақтап отырады. Ақылы келте адам кекетіп-мұқатқанға ұста болады екен. Жұмыстан шаршап келгенде жүйкемді жейді. Шаршадым...  

Балаларды өзім үшін өмірге əкелгендей сезінемін. Балалар не жейді? Не ішеді? Оған бас қатырмайды. Өзінің бір жартысы табылса, құлағы тыныш болғаны жақсы. Махаббат қарын тойғызбайды деген рас-ау. Көңілімдегі сезімнен бүгін түк қалмаған...

Табыс таппағанына да көнер едім. Тек ішімдік ішпесе. Ішімдік ішкенімен тұрмай, дүкенен қарызға алып ішетінді шығарды. Айлық алсам, көрші келіншек "қарызыңызды қашан қайтарасыз?" дегенде не қарыз деп таң қалғанмын.

Сөйтсем күйеуім күнде арақты қарызға алып іше береді екен. Жартысынан көп айлығым қарызға кетіп, бала-шағамның аузындағысын жырып бергеніме үйге налып келдім. Оны көрген алты жастағы қызым "анашым, қапаланбашы, ертең біз өскесін жұмыс істеп, көмектесеміз. Сізді отырғызып қоямыз. Емдетеміз, Ербол екеуміз", дегенде еріксіз жылап жібердім.

Тек осылар үшін ғана өмір сүру керек екенімді түсіндім. Балаларым аман болсын!

Нұрғайша, Шығыс Қазақстан облысы

el24

Осы да өмір ме?! Өлгім келеді
Қайын ағамнан қорқамын


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×