Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Аллаға шүкір 3 баланың анасымын. Бірақ өмірден қатты түңілдім. Жаным жабырқаулы сырлас, не таныс не құрбым жоқ. Жападан жалғыз қалғандаймын!
Жұбайыма бәрібір, отасқанымызға 5-6 жыл болып қалды. Осы аралықта бірге отырып не сөйлесіп не болашаққа жоспар құрған емеспіз. Жүрісі де көп. Мейлі, жүрсіне қарсы емеспін, тек мені әйелі ретінде өз махаббатына бөлемегеніне ренжимін. Мен оған бөтен адам секілдімін.
Осы уақытқа дейін оны құрметтеп, атын атап мүлдем шақырған емеспін. Әкесі деп шақырамын. Кеш батқанда қайырлы түн айтып бетінен сүйіп қоямын. Таңертең бетінен сүйіп оятамын. Тамағы дайын, үсті таза, үйім жинақтаулы. Күнде болмаса да күн - ара тәтті пісіруге тырысамын. Балаларға да қарауым жаман емес сияқты, үстілерін күнде 3-4 рет ауыстырып дереу жуып қоямын. Сонда да қай жерім жақпайтынына таңым бар. Осы уақыт аралықта той-томалаққа бармаппын. Тіпті базарға шығып киім сатып алмаппын. Осы үй болсын, біріміз- екі болсын деп жүргенде ауырғанымды да байқамаппын.
Аяқ астынан ауруханаға түстім. Күйеуім тіпті іздеп келмек түгілі телефон соғып жағдайымды да білген жоқ. Не себептен екені белгісіз, міне бір апта болды ауруханадан шыққаныма әлі маған қабағын түйіп жүр. Өзімнен мін іздеп қанша өзімді кінәлайын десем де, соңғы кездері жұбайымдікі тым артық болып барады. Түр десе түрім бар. Толықта емеспін. Неге жақпайтыныма таңым бар. Ия кінәм бар шығар, бірақ тым қатал болудың қажеті қанша. Мейірім дегенді мүлдем ұмытқан сияқтымын. Соңғы кездері жаныма жақын тұтар жанның жылы құшағын, тәтті сөзін, мейірімге толы көздерін сағынып жүрмін.
Ал жұбайымнан мүлдем көңілім қалды. Сол себепті де сіздердің араларыңыздан психолог маман іздедім. Ақылы психологқа барғым-ақ келеді, әттең қалтамда шыны керек мүлдем ақшам жоқ. Онсыз да дәрілерге ақша әрең табудамын. Әр 2 сағатта дәрі қабылдаймын. Кейде өлгім келеді, тек 3 балапанымды қимаймын. Ұзақ балса кешірім өтінемін!
Дереккөз: el24kz