Жеңешемді жан құрбымдай көріп жақын тартып ем, күл-талқан болды бәрі

Oinet.kz 17-07-2022 10216

Жас болсам да, адамдардан қатты  көңілім қалды. Биыл мектепті аяқтадым. Ел сияқты, тойлауға шамам жоқ. Ата-анамның жанын бір күн үшін ауыртқым келмеді. 

Screenshot_6.jpg

Тұрмысымыз мəз емес. Менен кейін алты сіңілім бар. Əкем ұлы болмаған соң көп ішеді. Əкем ащы суға жақын болған соң бізді ауылда ешкім менсінбейді. Мен адамдармен дастархандас болып, өзіме мүсіркей қарағанын қаламадым. Сондықтан, мектеп бітіру кешіне бармадым.

Ауыл болғаннан кейін көршінің үйіне жиі барып тұратынымыз бар ғой. Əрі ауылдағылардың баршасы бір-біріне ағайын болып келеді. Мамыр айында көрші ағамыз Қостанай жақтан келіншек əкелген. Алғашқы ай болған соң ауылға үйренсін деп, мен жеңгеме жиі барып тұрдым. Кəдімгідей сырласып, құрбымды тапқандай қуанғанымды көрсеңіздер. Екі апта бұрын сол жеңгемнің білезігі жоғалыпты. Үйге жиі  келетін адам деп менен көргеніне ызам келді. Мен оның білезігін не қыламын? Иə, тұрмысымыз төмен шығар. Алайда, мен ұрлық жасамаймын. Сол білезікті алмасам да өтеп беремін дедім. Қазір ауылдағы тойханаға шығып жүрмін. Үш айда білезігінің бағасы шығар. Өтеп болған күннен кейін есігін қайта ашпаспын. «Қалған көңіл шыққан жандай» дейді ғой. Енді қанша тырыссақ та бұрынғыдай риясыз көңілмен араласа алмайтынымыз анық. Жаратқан мені ораза айында осылай сынап жатқан болар....

el24

Жеңгемнің ессіз қылықтарын ағама қалай айтарымды білмей жүрмін
Күйеуің ынжық болса, көрінгеннен қорлық көреді екенсің
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу