Жігіттерге екі аяқты хайуан ретінде қарайтынмын

Oinet.kz 15-07-2022 1834

Бәріне өзім кінәлімін. Бұл ойға келуіме екінші жүрген жігітім Дарын көмектесті. Оған дейін жігіттерге екі аяқты хайуан ретінде қарайтынмын. Олардың ішінде адал азаматтар бар екеніне ешуақытта сенгім келмеген. Өйткені өзімнің сүйген сыныптасымнан қатты опық жедім. Өмірім өксіді.

Screenshot_12.jpg

Мектепте бірге оқыған Марат әскерге кеткенде Алматыда оқып жатқанмын. Ол екі жылдан кейін оралды. Онымен сол кездегі кездескен сәтімді әлі күнге дейін ұмыта алмаймын. Сағыныш жүректі сарғайтқандықтан шексіз бақытты едім. Кейін артымнан Алматыға ол да келді. Оның әрекетін құптаудан бұрын қалада бірге болатынымды ойлағанда қуаныштан есім шықты.

Бірде ол мені ағасының үйіне алып барды, өзі қызу. Мен де шампанның шарпуындамын. Үйінде ешкім жоқ. Қызды-қыздымен төсекте табыстық.

Марат қызып алған, іш киімімді тізеге басып шешіп, «дегеніне» жетті. Қанша жыласам да, ол «әйелдікке аламын» деген кезде сорлы басым тез жұбанған едім. Содан кейін қайтып Маратты көре алмадым. Алматыда тұрып, бір келмеді. Сонда оның мені бұрыннан алдап жүргені ме? Болмаса неліктен өзгерді? Ол жағына басым жетпейді.

Кейін ауылда көрдім, мені танымайды. Жігіттерді жек көретінім осыдан еді. Не деген айуандар, озбыр-зұлымдар деп қарадым.

Дарын маған бір көргеннен ұнады. Оның ойы, өзін-өзі ұстауы жүрегімді жаулап, бірден ғашық болдым. Ол жатақханада бірге тұратын құрбы қыздың жігітінің інісі еді. Дарынның мені де ұнатып қалғанын байқап қалдым. Мен бөлмеден шықсам, қайда баратынымды оған айтып, рұқсат сұрағандай болып, асып-сасқан күй кешіп жүрмін. Ол да байқады. Ақыры тез табыстық. Ол да күнде келіп тұрды. Өзі зиялы қауымның өкілі еді.

Бір күні сезім шарпуында аймаласып жатып, екеуміз де ләззат алып, рахатқа батып тындық. Демімізді басып жатып, ол әңгіме бастады.

Мәдениетті түрде сыр тартып, ең бірінші кіммен болғанымды сұрады. Мен жылап тұрып, басымнан өткен оқиғаны айтып бердім. Дарын күрсіне тыңдады. Өмірде кейбір озбырлардың біреудің тағдырын аяққа таптайтынына қатты күйінді. Ол түн маған өресі биік философияға толы тамаша сабақ болды. Өлем деп терезеге жүгіргенмен, оның ойлы көзі, дәлелді сөздері мені тез-ақ тоқтатты. Дарынды қаншалықты сүйсем де, тағдырыма налыдым. Оны өзіме бағындыра алмадым. Өзімді ойландырып, кейін кете барды. Ұстай алмадым. Оныкі дұрыс еді. 

Оның да өмірден алар өз үлесі бар. Өйткені бәріне кінәлі өзіммін. Сол күні ішпесем, Мараттың дегеніне көнбесем, тура бұлай болмас еді. Істеген ісіме есеп беріп, әліптің артын дұрыстап бағамдасам, біреу маған қой демес еді. Мен кейде ойланамын:«мен кімге керекпін?» деп.

Шындығында, кімге керекпін? Алайда мен өмірден баз кешкелі отырған жоқпын. Санамда сүйгенім бар, Дарынға деген сезімім адал. Өмірде ол маған бағыт-бағдар, жол көрсетіп тұрады.

Бақытым да – Дарын. Ешкімге керек болмағаныммен, өзіме-өзім керекпін. Бұл пәлсапамды туындатқан да ғашығым еді. Мен сол үшін өмір сүремін және күресемін!

el24

Мойнымдағы қыл арқанды әлі шеше алар емеспін
Ағамның жуастығынан жеңгем білгенін істеп жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу