Анам жас жігітпен көңіл жарастырып жүр

Oinet.kz 30-12-2020 2970

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырман! Сіздерден кеңес сұрап, осында жазып отырмын. Қазіргі жағдайымды ешкімге айта алмаймын. Менің жасым 15-те, анамның жасы 36да. Мен әкемнен 8 жасымда айырылғанмын. Одан кейін анам 1 жылдан аса қатты қиналды. Әрі қарай өз өзіне келіп, менің болашағымды ойлады. Бауырларым жоқ, үйдің жалғызымын. Анашым мені әкемінің туыстарымен араластырып тұрады. Ата-апама ай сайын 2-3 күнге алып баратын. Атам мен апам анама рахметін әрдайым айтып отырады, ол жақта анамның орны бөлек, бәрі сыйлайды.

image.png

Анам осы 7 жылдан бері еш бір жанмен көңіл жарастыра алмады, яғни өзі қаламады . Бірақ осы соңғы 3 айдың ішінде анам қатты өзгеріп кетті. Оған оның Алматыдан келген құрбысы әсер етті. Алматыдан біржола осы Шымкентке көшіп келген, баласы жоқ, 3 рет күйеуге тиіп ажырасқан әйел екен. Ол анамды өзінің інісімен таныстырып, көңіл жарастыруыларына барын салып жүр. Егер оның інісі анамды сыйлайтын, мені қызындай көретін үлкен адам болса жақсы ғой, онда анамның бақыты үшін үндемес едім. Бірақ ол анамнан 9 жас кіші жас жігіт.

Басында үйге екі рет келді, анам оны менімен таныстырмақ болып акелген. Мені қатты алаңдататын жағдай, анам құрбысымен және оның інісімен қосылып, жиі ішетінді шығарды. Ол құрбысы маманың көзінше маған өтірік күліп сөйлейді, мама ұйқыға кеткенде немесе қасымда болмаған сәтте маған "менің інім жақсы адам, ол маманды жақсы көреді,сенің мамаң да оны жақсы көреді, араларына түсуші болма" деп ұрсып айтады.

Аллаға шүкір, мамам заң саласында жұмыс істейді, үйіміз, машинамыз да бар. Бәрі жетерлік, ешкімнен еш нәрсе сұрамағанбыз. Ол жігіт соңғы 2 аптадан бері  біздің үйде тұрып жатыр, мен оған оң қабақ танытпадым. Ойы арам сияқты, маған қызы сияқты қарамайды. Мама жұмысқа кеткенде теледидар көріп жатып алады, мама жұмыстан келетін уақыттан 1 сағат бұрын үйден шығып кетіп. 2 сағаттан соң қайтадан келіп, жұмыстан келдім дейді. Мамаға айтсам, өтірік айтып тұрсын деп маған ұрсады. Екеуі күнде кешке сыра ішіп, түнімен білгендерін істеп шығады. Азанда екеуі түк болмағандай маған сөйлейді.

Шаршадым барлығынан. Әлі ешкім білмейді туысқандардан. Мама ешкімге айтпады. Не істесем болады? Екеуін қалай ажыратамын, бұлай жалғасса маманы маскүнем қылып бітіреді. Әпшесі, яғни маманын құрбысы ішу үшін аптасына 2 рет келіп, мамадан қарыз ақша алып кетеді,оны бірақ қайтармайды. Атама, папаның ағасына айтайын десем, мама жылайды, оны сүйем дейді. Олардың білгенін қаламайды. Кейде мамады дуалап тастаған ба деп те ойлап қоямын. !Әйтпесе мама мұншалықты ессіз болмаған, сондай жігітті сүйіп қалғанына да сенбеймін.  Келесі жылы оқуға түсіп басқа қалаға кетпек ойым болған, ал қазір мамамды ана жауызбен қалай қалдырамын деп уайымдап жүрмін. Қайтсем екен? 

Аноним 

alashainasy.kz

Өгей әке өгейлігін істейді екен...
Күйеуімнің туысқандарының студент балаларын үйде жүргізуден шаршадым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу