Жолдасыма дуа жасатсам деп едім…

Oinet.kz 06-07-2021 1949

Сәлеметсіздер ме қыз-келіншектер, сіздердің кеңестеріңіз, ойларыңыз ауадай қажет болып тұр. Себебі мен ішімдегіні ақтарғым келеді. Менің ешкіммен сыр бөлісіп, сөйлеспегеніме 4 жыл болды.

image.png

Өтірік күліп, өтірік түр көрсетіп, бәрін жақсы көрсетіп жүрем. Шын мәнінде өмірімдегі уайым, қайғыдан күлетін күндерім аз. Аллаға шүкір балам бар, сол үшін бәріне көндім, көніп те келем. Жолдасым бойдақ кезінде де жүргіш болған, әлі де сол әдеті. 

Анам «тиме оған, оны таста» дегенде тыңдамай тұрмысқа шыққан едім. Сол қателігімнен әлі күнге опық жеп келем. Өле сүйдім, ол болмаса өмірімнің мәні жоқ сияқты болатын. 4 жылдын ішінде бәрін көрдім, мені жылатып, айқайлап тастап кетіп, өзі қыдырып жүре беретін. Мені адам құрлы көрмеді себебі сүймеді. Бірақ мені сүймесе неге алды деймін ғой, екіқабат болып қалып оны қинаған жокпын. Көңілін табуға тырыстым барынша. 

Талай рет арқасы тырналып, засос болып таңға қарай келетін, ештеңе деместен, кінәні өзімнен іздеп, ұрыспастан «басың ауырып қалмасын, түнімен іштің ғой» деп сорпа қайнатып берем, массаж жасап, аяғын уқалап өз балама қарағандай қарадым. Ылғи жолдасым сөйлескен қыздардын быт-шытын шығарудан абден шаршадым. Төзімім таусылып кетіп қалып едім, қайтадан өлердегі сөзін айтып әкеліп алды. 

«Ажыраспаймыз, кетпейсің» дейді. Бірақ маған деген бір жылуы жоқ. Өмірімді қалай өзгертсем болады? Не істеуге болады? Жақында бір құрбым дуа туралы айтты. Тіпті көрші ауылда дуа жасайтын, апа да бар екен. Дуа жасатып алсам ба екен. Сырттай есіттім, ауылда күйеуіне дуа жасатқан да адамдар бар екен. Кейбіреулер кейде дуа адамның өзіне қайтады дейді. Қаншалықты рас? Дуа дарымаса дуа жасатқан адамды табатыны қаншалықты ақиқат? Ең болмаса жүйкеме тиіп, намысыма тиіп, әр қыздың ізінде жүруінен тыйсам деп едім. Ақыл қосыңыздаршы.

Ажар, Жамбыл облысы,

Алаш айнасы

Жас қыздың обалына қалдым
Қызым өзінің де, менің де өмірімді ойрандады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу