«Өзгенің әйелі қыздай, біздің әйел мұздай»

Oinet.kz 16-02-2020 2548

Бір адам жеке басының мәселесіне шешім таба алмай, дал болып, үлкен бір ұстазға келіп:

– Ұстаз! Әйелімді алғаш көргенімде өз-өзіме «Аллаһ Тағала бұл әлемде одан асқан сұлуды жаратпапты» дедім. Онымен сөз байласып, некемді қиғаннан кейін әйелім секілді қаншама қызды көрдім. Ал үйленгеннен кейін одан да сұлуларды байқай бастадым. Арадан біраз жыл өтті. Бір қарасам, әйел біткеннің бәрі менің әйелімнен әдемі боп шықты, – дейді. Сонда әлгі ұстаз:

Картинки по запросу "әйелі мен күйеуі"

– Балам! Саған бұдан да сорақысын айтайын ба? – деді. Әлгі де:

– Айтыңызшы…

– Сен әлемдегі барлық әйелмен үйленген уақытыңда көзіңе көшедегі қаңғыбас иттің сол әйелдеріңнен сұлу болып көрінеді.

– Неге олай дейсіз?

– Себебі, проблема әйеліңде емес. Негізгі проблема мынада: Адамда қанағатсыз нәпсі, харамға қараған көз, Аллаһ Тағаладан ұялмайтын жүрек болады. Мұндай жанның көзін тек топырақ қана тойдырады. Балам! Сенің проблемаң харамға көз жұмбауыңда жатыр. Әйеліңнің бұрынғыдай көзіңе сұлу болып көрінгенін әрі әлемде одан асқан әдемі әйел болмағанын қалайсың ба?

– Әлбетте!

– Ендеше көзіңді харамнан сақта! Үнемі Аллаһ Тағаладан дұға етіп, әйелді саған сұлу етіп көрсетуін және сені оның махаббатымен сусындатуын сұрауды ұмытпа! Нәпсіңді қанағатсыздықтан, көзіңді харамнан сақтасаң әрі Аллаһ Тағаладан шынайы ұялсаң, әйелің әлемдегі ең сұлу жан болмақ! – деп жауап береді.

Сонда ғана «өзгенің әйелі қыздай, біздің әйел мұздай» болудан қалады.

                                                                                                                                                                   Сұлтан Керім

Еркектердің әйелдер біле бермейтін 10 құпиясы
Еріңіз үшін жасауға болмайтын 3 нәрсе
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу