Дариға Назарбаеваның қанша телеарнасы бар?

Oinet.kz 19-05-2017 1298

«Фергана» сайтының жазуынша, соңғы жиырма жылда Қазақстандағы ірі медиа магнаттардың көшін президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаева бастап келеді деп жазады «Рейтинг» басылымы.

Қазіргі уақытта Сенаттағы комитетке жетекшілік жасап жүрген ханымның медиа империясына «КТК», «НТК», «ОN-ТВ», «MuzzON», «HIT-TV» толығымен және «Бірінші арна-Еуразия» каналы жартылай кіреді. Бұлардан бөлек Д.Назарбаеваның иелігінде «Алма ТВ» мен «ICON» кабельдік телеарналары және «Европа плюс» пен «Хит-FM» радиостанциялары бар. 

Дариға Назарбаева.jpg

2008 жылы Д.Назарбаева «Хабар», «24 kz» (қазіргі уақытта «Хабар 24»), Ел Арна» және  «Kazakh-TV» теларналары кіретін «Хабар» ақпарат агенттігінің 100 миллион теңгелік акциясын мемлекетке сатқан. Алайда ол күні бүгінге дейін аталған ақпарат құралдарын бақылап келе жатқанға ұқсайды. 

«Фергананың» жазуынша, Қазақстанда ірі медиа магнаттарының тізімінде сондай-ақ, Арманжан Байтасов, президенттің күйеу баласы Тимур Құлыбаев, экс-премьер Кәрім Мәсімов, миллиардер Болат Өтемұратов бар. Ақпарат құралдарына тікелей және жанама қатысы бар шенеуніктердің қатарында Мәжілістің төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбековтің де аттары аталған. 

Әлемдегі әскері ең күшті 20 ел
Отбасындағы психологиялық қатынастар балаға қалай әсер етеді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу