Ашаршылыққа қатысты беймәлім деректер
21-05-2024
Перзент үшін дүниеде ең жетілген, білімді де мәртебелі адам - оның ата - анасы. Ал, ең әдемі де жарық үй - оның туылған үйі. Сондықтан да жас баланың дамуына ата - ананың ойнайтын рөлі ерекше. Қазақта «Баланы жастан» деген өсиет сөз бар. Яғни баланың тәрбиелі де, инабатты, білімді де, өнегелі болып өсуі ата-анаға байланысты. Отбасындағы психологиялық қатынастар бала тәрбиесіне тікелей әсер ететіні белгілі. Сондықтан баланың психологиясын жастайынан дұрыс қалыптастыра білген маңызды.
Баламен әңгімелесуден қашпаңыз. Бүгінде көп ата-аналар күйбең тірішілік, қарбалас жұмыс деп бала тәрбиесіне, сабағына көп уақыт бөлмейді. Кешкісін жұмыстан келгесін тамақтанып, «шаршадым» деп ұйықтап қалады. Бұл бала мен ата-ананың қарым-қатынасын алшақтатын қате қадам. Сізді күні бойы көрмеген балаңыз мүмкін сізбен сөйлескісі келетін шығар, сіз үшін болмашы нәрсе болса да өзі үшін маңызды бір мәселені талқылағысы келер, бәлкім сізге еркелеп, мектептегі жетістіктерімен мақтанғысы келер. Баламен әңгімелесу үшін арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Үй жұмыстарын атқарып жүріп немесе дастархан басында-ақ баламен сырласуға болады.
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер». Ата-ананың отбасында бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста, сыйластықта болғаны баланың психологиясына оң әсер етеді. Алдымен үйдің иесі әке екенін бала жастайынан ұғынған жөн. Оған қарсы сөйлемеу, құрмет көрсету, тыңдауды ұғындыру қажет. Ол үшін жұбайының өзі отағасын құрметтеп, балалардың алдында абыройын асқақтатын жүрсе, сондай-ақ керісінше күйеуі балаларының көзінше анасына дөрекі сөйлемей, «ана» деп құрметтесе перзент мейірімді, жанашыр болмақ.
Қателіктен сабақ ала білсін. Кейде бала болған соң шалалықпен айтқан тапсырманы дұрыс орындамай, бірдеңені бүлдіріп қоятын жағдайлар болады. Бастысы ұл-қызыңыздың өтірік айтып, ұрлық жасауына жол бермеңіз. Егер мұндай ұсақ «қылмыстарды» жасайтын болса баланы жазалау міндетті. «Жазаны» қолыңызға шыбық алып оны сабап, қараңғы бөлмеге қамап, аш қалдыру деп түсінбеңіз. Балаға өз қателіктерінен сабақ алуға үйретіңіз. Түрлі тіл алмау, өтірік айту, ұрлықтың жаман қылық екенін оқиға, мысалдармен жайлап түсіндіріңіз.
Нашар бала болмайды. Ашуға қатты бой алдырғанда балаға артық сөйлеп қойғанымызды кейде өзіміз де байқамай қаламыз. Барлық бала бұзықтық жасайды. Дегенмен, бұл оның нашар, жұғымсыз екенін білдірмейді. Перзентіңізге ешқашан «сен жамансың», «адам болмайсың» деген секілді намысына тиетін сөздер айта көрмеңіз. Сондай-ақ туыс, көршінің балаларымен салыстырып, оны төмен санамаңыз. Мұндай жағдайда баланың ойында «ата-анам мені жақсы көрмейді» деген жаңсақ пікір қалыптасады. Салдарынан оның психологиясы бұзылып, күйзеліске түсуі әбден мүмкін.
Бала тәрбиесінде «ұсақ - түйек» деп атап, мән бермей қалдыра салатын ешнәрсе жоқ. Табиғатынан өте құмарпаз, әуесқой және тынымсыз айнала зерттеушісілеріне тәрбие беру иігілікті іс.