«Жел қазық» деген не?
Сұрапыл дауылда кигіз құламас үшін, қазақ шаңырақтың екі жағынан, қылдан мықты ғып ескен екі «желбеу» байлайды да, дауыл болардаол желбауларды жақындата қосып, қазыққа байлап, сірестіре, қазықпен жерге қағып тастайды. Ілуде біреуі ғана болмаса, осы қазық, қандай сұрапыл дауыл болса да, кигіз үйді тырп еткізбей ұстап тұрады. Бұның атын "жел қазық" дейді.
Кей үйлер бұл жел қазықты қасиеттеп, атадан ұрпаққа мирас қып, баппен сақтапты.