Қалқаман Сарин. «* * * (Көнеріп күз де кетті)»

Oinet.kz 04-10-2018 1013

kalkaman-sarin.jpg

Көнеріп күз де кетті,

Көне қыс бізге жетті.

Көл жатыр көз ұшында,

Көрпе ғып мұз желекті.


Өмірдің бұл мезгілі,

Өзгеше мүлде өз жыры

Көкке үнсіз ұмтылады,

Көңлімнің күмбез мұңы.


Жаныма қатты құштар,

Жауып тұр ақ күміс қар.

Қолыма үнсіз ғана,

Қонақтап жатты құстар.


Тағыда аймалап мұң,

Тұңғиық ойға баттым.

Жаурады жан - жүрегім,

Жылуы қайда бақтың?


Алдымнан жол қашады,

Аяғым қар басады.

Бұл өмір өзгермейді,

Баяғым жалғасады...

Қалқаман Сарин. «Тесіктас»
Қанипа Бұғыбаева. «Мен соғысты көргем жоқ»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу