Қалижан Бекхожин. «Дауылпаз»

Oinet.kz 03-10-2018 890

498e6e584710a4aa0e41139b7f32ae1d.jpg

(Максим Горькийге)

Дауылды күні ұшты да

Теңізде қақты қанатын.

Дабысы кетті әлемге

Тасқындай тулап ағатын.

Түйілді сонда жауына,

Дауылды теңіз көгінен,

Ашуы шықты лапылдап,

Жалынды жүрек кегінен.

Дауысы кетті саңқылдап,

Азаттық әлем шыңына!

Қадалды үні оқ болып,

Адамның қатаң сұмына.

Кеткенде көктен дауылпаз,

Біздерге сол үн қалды.

Әлі де тұр сол дауыс

Тебірентіп шыңдарды.

Қалижан Бекхожин. «Александр Невский»
Қалижан Бекхожин. «Күте бер мені келер деп»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу