Жәркен Бөдешұлы. «Несие»

Oinet.kz 30-09-2018 902

Без названия.jpg

Бұйырса, 

Бұл да несібең. 

Ақша бәрін шешеді. 

(Солай демей не дейік) 

Банкіден алған несиең, 

Балаңнан бұрын өседі, 

Балаңнан бұрын көбейіп.   


Аламан сауда жан-жағың. 

Күнелтесің құм санап. 

Несиеңнің қалғанын – 

Немерең берсе 

Бұл сауап.  


Қарыздың тартып азабын, 

Жүрегің сыздап аһ ұрса. 

Бақыт деп біл ажалың, 

Соттан бұрын шақырса...   


Қарызсыз кірсең көріңе, 

Жанарыңды ыстық жас шайып. 

Пейіштің байтақ төріне, 

Отырдым дей бер қасқайып.

Жәркен Бөдешұлы. «Капитализм»
Ең көп оқылатын іскери кітаптардың рейтингі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу